Оқы орындарының жаңалықтары :: "Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы белсенділіктің 16 күні"

"Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы белсенділіктің 16 күні" Халықаралық науқанын өткізу жоспарына сәйкес келесі іс-шаралар ұйымдастырылып, өткізілді. Мессенджерлерде гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы және гендерлік теңдікті қолдағаны үшін арнайы эмодзилер мен стикерлер таратылды. Бағдарлама аясында Зорлық — зомбылыққа қарсы күрестің халықаралық символы-қызғылт сары ленталармен символдық акция өткізілді. Қатысушыларға ынтымақ, құрбандарды қолдау және гендерлік зорлық-зомбылықтың кез келген түрін айыптау үшін киімге немесе жеке заттарға қызғылт сары ленталарды бекіту ұсынылды. Бұл бастама науқанның көрнекі құрамдас бөлігін күшейтті және мәселеге қосымша назар аударды.

 

Жариялану күні: 08.12.2025