Өңір жаңалықтары :: Жас зілтеміршілеріміз жарады

Жас зiлтемiршiлерiмiз жарады. Спортқа дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-интернатының оқушылары жуырда Көкшетауда ауыр атлетикадан өткен республикалық ашық турнирден олжалы оралды.

Спортшылар қанжығаларын бiр емес, бiрден 18 медальмен майлады. Оның 4-еуi — алтын, 9-ы — күмiс және 5-еуi — қола.

Нұрбол Болатбек — Айыртау ауданындағы Бiрлестiк ауылының тумасы. Жеткiншек спортқа бала кезiнен әуес болған. Алдымен күреспен айналысыпты, кейiн зiлтемiр көтеруге ден қойған. 2 жылдан берi Нұрбол облыстық, республикалық деңгейдегi жарыстарда үздiк атанып жүр. Соңғысы — ашық республикалық турнир желтоқсан айының соңында Көкшетау қаласында өтiптi. Мұнда жеткiншек 67 келi салмақта сайысып, алтынан алқа тағынған.

Нұрбол Болатбек — ауыр атлетикадан өткен ашық республикалық турнирiнiң жеңiмпазы:

– Бiрiншi жұлқа көтеру сайысында — 78 келi, ал серпе көтеруде 103 келiнi еңсердiм. Бұл жарыс қиын болды. Өйткенi, Қырғызстаннан келген спортшы мықты екен, әзер жеңдiм.

Никита Коболь ең үздiгi атана алмаса да үштiкке енген. Зiлтемiршi 2-шi орынды қанжылаған. Ол серпе көтеруден — 60 келi, ал жұлқа көтеруден 48 келiнi еңсерiптi. Ауыр атлетикамен 1 жыл ғана айналысып жүрген Никита үшiн бұл — жоғары нәтижелердiң бiрi.

Никита Коболь — ауыр атлетикадан өткен ашық республикалық турнирiнiң жүлдегерi:

– Әуелде осы спорт түрiн таңдағанда бәрiн басқаша елестеттiм. Техникасы жайлы, тiптi, бiлмедiм. Бiрақ, жаттықтырушыларым бiраз дүниенi үйреттi. Қазiр зiлтемiр көтерудiң қиындығы мен оның зор күш-қайратты талап ететiндiгiн түсiндiм.

Бүгiнде Эрик Алибаевтың тәрбиеленушiлерi түрлi деңгейдегi сайыстарға қатысып, өңiр намысын асқақтатып жүр. Соның бiрi — Универсиада, Азия ойындарының чемпионы Айдар Қазов. Жастар мұндай спортшыларға қарап бой түзейдi. Айдар шыққан шыңды бағындырғылары келедi.

Эрик Алибаев — ауыр атлетика бойынша облыстың аға жаттықтырушысы:

– Осымен 9-шi рет ұйымдастырылған турнирде елiмiздiң түкпiр-түкпiрiнен 239 спортшы қастысты. Бiздiң тәрбиеленушiлерiмiздiң 5-еуi — 3-шi орын, 9-ы — 2-шi, ал 4-еуi — 1-шi орынды иелендi. Бұл — өте жақсы көрсеткiш және бiздiң талай жылғы еңбегiмiздiң айқын дәлелi деп бiлемiн.

Ендi жас спортшылар қаңтардың 21-i мен 29-ы аралығында Қостанай қаласында өтетiн кезектi республикалық турнирге қатысады.

Актолкын Солтанханкызы

Ақпарат көзi: https://mtrk.kz 

Жариялану күні: 20.01.2020