🌿 Біздің мектебімізде «Суды үнемде — болашақты сақта» атты эко-сағат өтті! 🌱
Іс-шара «Адал Азамат» мемлекеттік бағдарламасы аясында ұйымдастырылып, ақпан айының «Жасампаздық және жаңашылдық» тақырыбына арналды.
🔹 1–4 сынып оқушылары суды үнемді пайдалану және Минкесер мен Теке көлдері мысалында бірегей су көздеріне ұқыпты қарау мәселесін талқылады.
🔹 5–9 сыныптарда судың адам өмірі мен қоғамдағы маңызы туралы әңгіме өрбіді.
🔹 10–11 сынып оқушылары Су ресурстары министрімен өткен телемостқа қатысып, су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздікке қатысты өзекті мәселелер қарастырылды.
Іс-шара мазмұнды әрі танымды өтті. Оқушыларымыздың белсенді азаматтық ұстанымы мен табиғатқа деген жанашырлығы бізді қуантады! 💚💧
 
Жариялану күні: 13.02.2026