«Төртiншi өнеркәсiптiк революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкiндiктерi» атты Мемлекет басшысының 2018 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес және Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2018 жылғы 9 ақпандағы № 633 Жарлығымен бекiтiлген Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын iске асыру жөнiндегi жалпыұлттық iс-шаралар жоспарының 51 тармағын орындау мақсатында, бiлiм беру ұйымдарының бiлiм берудiң барлық деңгейлерiнде 2025 жылға дейiн латын әлiпбиiне көшуi Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң 2018 жылғы 27 сәуiрдегi №183 бұйрығымен бекiтiлген кестесiне сәйкес жүзеге асырылады (кесте қосымша берiледi).
Ақпарат көзі: http://uob.sko.gov.kz/