Білім жаңалықтары :: Күрделi тақырыптарды зерттеудегi қарқынды курс

Күрделi тақырыптарды зерттеудегi қарқынды курсЛогикалық және комбинаторлық есептердi қалай шешуге болады, «Жаратылыстану» пәнi бойынша «Жер және ғарыш» және «Заттар және олардың қасиеттерi» бөлiмiн оқып үйрену кезiнде оқушылардың iс-әрекетiн қалай ұйымдастыруға болады, «Дүниетану» пәнi бойынша «Тарих беттерiнен» бөлiмiнде күтiлетiн нәтижелердiң сыры неде, бастауыш сынып мұғалiмдерiнiң осы және басқа да көптеген сұрақтарына «Бастауыш мектеп бағдарламасы пәндерiнiң күрделi тақырыптарын зерттеу» бiлiктiлiктi арттыру курстарында (қазақ және орыс тiлдерiнде ұйымдастырылды) жауаптар берiлдi.

Курс барысында құрылған сыйластық, iскерлiк атмосфера кәсiби кәсiби байланыс пен тәжiрибе алмасуға жағдай жасады.

Бұл курстардың «айрықша ерекшелiгi» практик-мұғалiмдердiң жұмыс тәжiрибесiмен бөлiсуi болды: Петропавл қаласындағы «БЭСТ» гимназиясы» КММ бастауыш сынып мұғалiмi А.Грохотова тыңдаушыларды «Тiл және әдебиет» бiлiм беру саласы пәндерiн оқытуда кiшi мектеп оқушыларын әр түрлi мәтiндер құрастыруға үйрету жолдарымен таныстырды.

Петропавл қаласы «Дарын» мектеп-лицейi» КММ бастауыш сынып мұғалiмi Е.В.Беляева 3-4 сыныптарда бөшектердi оқу ерекшелiктерiн ашса, Математиканың бастауыш курсында комбинаторлық және логикалық есептердi шығару әдiстерiн «Сафуан Шәймерденов атындағы қалалық классикалық гимназияның» бастауыш сынып мұғалiмi Г.С.Атакулова нақты ұсынды. Кiшi мектеп жасындағы оқушылардың жаратылыстану сабағында зерттеушiлiк дағдылары мен қабiлеттерiн дамытуда зерттелген тиiмдi тәжiрибенi енгiзу бойынша «Қожаберген жырау атындағы N6 орта мектебi» КММ бастауыш сынып мұғалiмi А.А. Сатубалдиновадан тәжiрибелiк ұсыныстар алды.

Курс тыңдаушылары атап өткенiндей: ұсынылған ақпараттың әртүрлiлiгi, жоғары сапалы теориялық және практикалық материалдар — бұл өткен курстардан есте қалатын жағымды әсер.

Сiздердi бастауыш сынып мұғалiмдерiне арналған интенсивтi курстарға шақырамыз, онда бастауыш мектептiң күрделi тақырыптары мен пәндерiн оқыту әдiстемесi саласындағы бiлiм беру мақсаттарын жүзеге асырудағы үздiк мұғалiмдердiң тәжiрибесi ұсынылады.

Ақпарат көзi: www.ipksko.kz

Жариялану күні: 16.02.2021