Өңір жаңалықтары :: ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН ӘР АДАМ КҮРЕСЕ АЛАДЫ

ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН ӘР АДАМ КҮРЕСЕ АЛАДЫ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл Агенттiгi СҚО департаментiнiң жанынан ақпараттық үгiт-насихат штабы құрылған. Құрамына түрлi салада жұмыс iстеп жүрген жасы мен ұлты әр түрлi 26 адам мүшелiкке ендi.

Штаб мүшелерi мекемелердi аралап, ұжымдармен, мектеп, колледж және университет студенттерiмен кездесiп түсiндiру жұмыстарын жүргiздi. Бүгiн олар кезектi рет жиналды. Орталық штаб және өзге аймақтардағы әрiптестерiмен селектрлi байланысқа шығып, осы жылдың жоспарын пысықтады. Қоғам белсендiлерi сыбайлас жемқорлық қаупi жоғары салаларды да назарсыз қалдырмаймыз деп отыр. Айталық мемлекеттiк қаражат есебiнен тұрғызылып жатқан үйлердiң және жолдардың сапасын бақыламақ. Бiр айта кететiнi, штабқа қоғамдық пiкiрi бар кез-келген адам мүше бола алады.

ЖАНГЕЛДI ТӘЖИН, ОБЛЫСТЫҚ АҚПАРАТТЫҚ ҮГIТ-НАСИХАТ ШТАБЫНЫҢ ЖЕТЕКШIСI:

- Штабтың атқарған жұмысы, бiзде арнайы топ бар, олар жаңадан салынып жатқан жолдардың бiрнеше өлшемiн алып, байқап көредi. Егер сапасыз болса, мердiгерге қайтадан сол жұмысты қайта iстейдi.

Ақпарат көзi: petropavltv.kz 

Жариялану күні: 21.01.2020