Білім жаңалықтары :: Кәмелетке толмағандардың iстерi және олардың құқықтарын қорғау жөнiндегi комиссияның кеңейтiлген отырысы

2019 жылғы 14 ақпанда Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң орынбасары М.Д. Қожахмет төрағалығымен Солтүстiк Қазақстан облысы полиция департаментiнiң бастығы Б.С. Билялов, облыс прокурорының орынбасары А.Ж. Әбдiрованың қатысуымен Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң жанындағы кәмелетке толмағандардың iстерi және олардың құқықтарын қорғау жөнiндегi комиссияның кеңейтiлген отырысы өткiзiлдi. Мектеп, колледж директорлары, әлеуметтiк педагогтар, психологтар, қамқоршылық кеңестердiң өкiлдерi, Петропавл қаласының полиция инспекторлары қатысты. Селекторлық режимде кәмелетке толмағандардың iстерi және олардың құқықтарын қорғау жөнiндегi комиссия төрағалары, АIIБ бастықтары, АIIБ қызметi жөнiндегi орынбасарлары, жергiлiктi полиция бастықтары, МIБ инспекторлары, бiлiм бөлiмдерiнiң басшылары, мектеп директорлары, психологтар, әлеуметтiк педагогтар, бiлiм беру ұйымдарының қамқоршылық кеңесiнiң өкiлдерi болды. Отырысқа барлығы 500 адам қатысты.

Отырыста келесi мәселелер қаралды: «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтардың себептерi мен жағдайларын жою жөнiндегi мiндеттер» (Бiлiм басқармасы); «Жасөспiрiмдер қылмысының жай-күйi, кәмелетке толмағандарға қатысты жасалатын, оның iшiнде жыныстық құқықбұзушылықтардың алдын алу туралы» (СҚО ЖП); «Кәмелетке толмағандар арасындағы суицидтiң психологиялық алдын алу» (Психикалық денсаулық орталығы); «Жасөспiрiмдер қылмысының жай-күйi, кәмелетке толмағандарға қатысты жасалатын құқықбұзушылықтардың алдын алу туралы, кәмелетке толмағандар арасында суицидтiң алдын алу бойынша жүргiзiлген жұмыстар туралы» (Есiл ауданы әкiмдiгi жанындағы кәмелетке толмағандар iстерi бойынша комиссия төрағасы); «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу туралы» (Тайынша ауданы әкiмдiгi жанындағы кәмелетке толмағандар iстерi бойынша комиссия төрағасы).

Отырыс қорытындысы бойынша ұсыныстар қабылданды.

Кәмелетке толмағандардың iстерi және олардың құқықтарын қорғау жөнiндегi комиссияның кеңейтiлген отырысы

Кәмелетке толмағандардың iстерi және олардың құқықтарын қорғау жөнiндегi комиссияның кеңейтiлген отырысы

Ақпарат көзі: uob.sko.gov.kz/

Жариялану күні: 14.02.2019