Оқы орындарының жаңалықтары :: Кітап оқитын ұлт
«КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» – КІТАП ОҚУ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖОЛЫНДА!
Приишим орта мектебінде оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, оқу мәдениетін қалыптастыру және бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында арнайы кітап бұрышы жасақталды. 

Кітап бұрышы «Кітап оқитын ұлт» республикалық кітап оқу марафонына қатысушыларға қолайлы орта қалыптастыруға бағытталған. Мұнда оқушылар мен педагогтер өздеріне қажетті әдебиеттермен танысып, кітап оқуға шабыт алады.
Приишим орта мектебі – кітап оқитын ұлт қалыптастыру жолында! 


Жариялану күні: 17.09.2026



