Оқы орындарының жаңалықтары :: Құрметті, Роза Хамзиновна!
Ұстаздар күні қарсаңында мектебіміздің 1993 жылғы түлектері сынып жетекшілері Қасымова Роза Хамзиновнаға, яғни тарих кабинетіне жұмыс столы мен кресло сыйға тартты. «Құрметті, Роза Хамзиновна! Сізді бәріміздің қамқоршымыз, шәкірттеріңіздің жылы жүректі ұстазы болғаныңызды мақтан етеміз! Көп жылдар бойы ақырын жүріп, анық басқан ұстаз болуыңызбен бірге, бізді сабырлы мінезбен, салиқалы салмақты ақылыңызбен тәрбиеледіңіз, әрқайсымыздың өмірде өз орнымызды табуымыз үшін берген ақыл - кеңестеріңізге, бізді ел қатарына қосқаныңызға мың да бір рахмет айтып, шәкірттік ықыласымызды білдіргіміз келеді. Үлкен биікке қол жеткізуімізге, кісілікке, адамгершілікке тәрбиелегеніңіз үшін біз сізге әрқашан қарыздармыз.» - делінген түлектердің құттықтауында.



Жариялану күні: 30.09.2022