Өңір жаңалықтары :: Абай Құнанбаевтың философиясы

Қытай Конфуциймен, гректер Сократымен, ал қазақ халқы Абайымен мақтанады. Абай Құнанбаев халқымыздың жазба әдебиетi мен әдеби тiлiнiң негiзiн қалады.

Ал шығармаларында сол кездегi халықтың әлеуметтiк, қоғамдық және моральдық мәселелерiн жазып қалдырды. Әсiресе, оның «Қара сөздерi» саяси салмақтылығы және терең мән-мағынасымен құнды. Петропавлдағы Химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлiк мектебiнiң тарих пәнi мұғалiмi Дильбар Бегалина Абайдың философиясын түсiнудiң маңызы зор екенiн айтады. Ұстаздың сөзiнше, бұл оқушылардың болашақта толыққанды тұлға болып, өмiрге деген дұрыс көзқарасының қалыптасуына оң ықпал етедi.

Дильбар Бегалина — Химия-биология бағытындағы НЗМ тарих пәнi мұғалiмi:

– Абайдың шығармаларынан адам көкейiнде жатқан сұрақтың жауабын таба алады. Туындыларды оқыған сайын оның жаңа қырларын байқайсыз.

Маржан Касымбек

Ақпарат көзi: mtrk.kz 

Жариялану күні: 23.01.2020