Білім жаңалықтары :: МЕКТЕПТЕРДЕ «АДАЛ ҰРПАҚ» КЛУБТАРЫ АШЫЛҒАН

Өңір мектептерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті тәрбиелеу мақсатында «Адал ұрпақ» клубтары құрылды. Бүгін осындай ұйым 435 мектепте жұмыс істейді. ОҒАН МҮШЕ БАЛАЛАР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігінің СҚО бойынша департамент жетекшісімен зуум арқылы онлайн байланысқа шығып конференция өткізді. Бүгін «Адал ұрпақ» ұйымына 20 мыңнан астам мектеп оқушысы мүшелік етеді.

Адамның бойындағы негізгі құндылықтар балалық шақтан қалыптасады. Сондықтан қоғам індеті - жемқорлықты жою мақсатында, балаға жастайынан ненің жақсы, ненің жаман екенін түсіндіріп, одан алшақ болуды бойға сіңіру қажет. «Адал ұрпақ» клубының жетекшілері Қазақстанның патриоттарын, болашақта еңбегін адал атқаратын, адамгершілігі мол, жауапты азаматтарды тәрбиелеуді мақсат еткен.

ЕРНАР БАЯНҒАЗИН, ҚР СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІ СҚО БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТ БАСШЫСЫ:

- «Адал ұрпақ» клубына аса жауапты балалар мүше. Ұйым жұмысы 3 бағытта жүргізіледі. Құқықтық білім беру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпараттандыру және шығармашылық. Балаларға шараларды өткізу форматы жағынан еш шектеу қойылмайды. Сауалнама жүргізу, әлеуметтік бейнероликтер түсіру. Түсіндірме жұмыстары және тағы басқа.

Ақпарат көзі: petropavltv.kz

Жариялану күні: 19.11.2020