Жыл сайынғы «Мектепке жол» қайырымдылық акциясын өткiзу барысында бiлiм беру ұйымдары материалдық көмек көрсету үшiн әлеуметтiк қорғалмаған және аз қамтылған отбасылардан шыққан балалардың тiзiмiн жасады. Осы санаттағы балаларға демеушiлер бекiтiлдi: мемлекеттiк ұйымдардың, кәсiпорындардың, ауылшаруашылық құрылымдарының басшылары, жеке кәсiпкерлер.
Ағымдағы кезеңде акция шеңберiнде 6487 балаға көмек көрсетiлдi, оның iшiнде бюджет қаражатынан — 3673, демеушiлiк қаражат есебiнен — 2814.
Көрсетiлген көмектiң жалпы сомасы 170,5 млн. теңгенi құрады, оның iшiнде 138,1 мың теңге бюджет қаражатынан, 32,4 млн. теңге демеушiлiк қаражат есебiнен.
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң № 64 Қаулысы шеңберiнде 406,5 млн. теңге сомасында қаражат көзделген. Әрбiр бiлiм алушы мен тәрбиеленушiге киiм, аяқ киiм, мектепке арналған керек-жарақтарын сатып алу үшiн 37 389 теңге мөлшерiнде қаражат көзделген. Осы кезеңде қаражат 8 701 оқушыға карточкалық шотына аударылды.
Ақпарат көзі: https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-uob/press/news/1?lang=kk