Білім жаңалықтары :: Болашақ бiрiншi сынып оқушылары үшiн қысқа мерзiмдi дайындық курстарын ұйымдастыру

 Мектеп жасына дейiнгi балалардың жаңа бiлiм беру жағдайларына сәттi бейiмделуi, оқуға эмоционалды-ерiктiк дайындығын қалыптастыру, уәждеменi дамыту үшiн жазғы кезеңде мектеп базасында болашақ бiрiншi сынып оқушылары үшiн қысқа мерзiмдi дайындық курстары ұйымдастырылатын болады.

Бiлiм беру ұйымдарында мектепке дейiнгi және бастауыш бiлiм беру арасындағы сабақтастық идеясы негiзiнде әзiрленген бағдарлама бар, ол мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытудың үлгiлiк оқу бағдарламасы негiзiнде жасалған. Бұл бағдарлама оқу жоспарын, сабақ кестесiн, күнтiзбелiк-тақырыптық жоспарлауды қамтиды.

Қысқа мерзiмдi мектепалды даярлық курстары облыстың 318 мектебiнiң базасында 3 569 балаға ұйымдастырылатын болады. Бұл жұмысқа 509 педагог қатысады.

Бүгiнгi таңда 15 мектепте курстар өткiзiлiп, 80-нен астам бала қамтылған.

 

Источник: https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-uob/press/news/1?lang=kk

Жариялану күні: 03.06.2022