Білім жаңалықтары :: ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ВОЛОНТЕР ЖЫЛЫНА АРНАЛҒАН «ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ДУЭТ» КӘСІБИ ШЕБЕРЛІК ПЕН ТИІМДІ ТӘЛІМГЕРЛІК ИМИДЖІНІҢ ОБЛЫСТЫҚ КОНКУРСЫН ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ

Орта білім беру ұйымында кәсіптік қызметіне алғаш рет кіріскен педагогке бір оқу жылы кезеңіне тәлімгерлікті жүзеге асыратын педагог бекітіліп беріледі. («Педагог мәртебесі» туралы Заңның 13-бабы «Тәлімгерлік» 2019 жылғы 27 желтоқсанда бекітілген)

«...Үкіметке Үздіксіз білім беру тұжырымдамасын әзірлеуді тапсырамын. Бұл құжатта бейресми білім берудің баламалы нұсқаларын көптеп енгізу, өз бетінше оқу нәтижелерін мойындау, кәсіби дағдыларды сертификаттау мәселелерін қарастыру қажет». (Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі. 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа Жолдауы)

«Педагогикалық дуэт» кәсіби шеберлік пен тиімді тәлімгерлік имиджінің облыстық конкурсының өзектілігі (бұдан әрі Конкурс) — жас мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін дамыту, Солтүстік Қазақстан облысының педагогтері арасында тәлімгерлік институтын нығайту, педагог мәртебесін арттыру, үздіксіз білім беру тұжырымдамасын өзектендіру.

I. Конкурстың мақсаты мен міндеті

1.1. Конкурстың мақсаты - тәлімгерліктің тиімді педагогикалық тәжірибесін анықтау және имидждеу, жас мамандардың шығармашылық бастамасы мен жаңашылдығын ынталандыру, білім берудің педагогикалық сабақтастығы мен үздіксіздігі туралы оң қоғамдық пікір қалыптастыру, ішкікорпоративтік кәсіби өзара іс-қимыл, заманауи маман туралы оң қоғамдық пікір қалыптастыру.

1.2. Міндеті:

  • креативті педагогикалық идеяларды анықтау, талантты, шығармашылықпен жұмыс істейтін педагогтерді қолдау;
  • үздіксіз педагогикалық білім беру құндылықтарын өзектендіру;
  • мұғалім мамандығының беделін арттыру және нығайту;
  • жас мамандармен тәлімгерлердің жұмыс тәжірибесін тарату.

II. Конкурсқа қатысушылар

Конкурсқа қатысуға 5 жылға дейінгі жұмыс өтілі бар мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының, жалпы білім беретін мектептерінің, ТжКБ ұйымдарының, қосымша білім беру жас мамандары мен педагог-тәлімгерлері шақырылады.

III Конкурс өткізудің мерзімі, тәртібі және регламенті

  1. Конкурстың жұмыс тілдері: қазақ, орыс. Басқа тілдерде жіберілген жұмыстар қаралмайды.
  2. 2. Байқау екі кезеңде өткізіледі:

Бірінші (сырттай) кезең Педагогикалық дуэттер «Performance: кәсіби жетістіктің фирмалық рецепті». Осы кезеңді өткізу кезінде қатысушылар үміткердің өтінішін, педагог-тәлімгердің және жас маманның кәсіби өзара іс-қимылының идеясын көрсететін жарнамалық тұсаукесер дуэтін (5 минутқа дейін) ұйымдастыру комитетіне (бұдан әрі-комитет) laboratoria_orleu@mail.ru электрондық поштасына 2020 жылғы 25 қазанға дейін жіберуі қажет.

Көрсетілген мерзімнен кеш жіберілген роликтер байқауға қатыса алмайды.

Сюжеттің әртүрлілігі шектелмеген, стандартты емес және түпнұсқа көзқарасы құпталады.

Екінші (instagram әлеуметтік желісінде жариялау) кезең – педагогикалық дуэттердің материалдарын конкурстық іріктеу – 2020 жылдың 26 қазанмен 5 қараша аралығында. Интернет арқылы дауыс беру бойынша педдуэттерді іріктеу.

Шарттары:

  1. orleu_sko instagram бетіне жазылу
  2. дауыс бергіңіз келетін бейнені ЛАЙК басыңыз.
  3. өзіңіздің бетіңізге роликтің РЕПОСТЫН (скрин) жасаңыз, orleu_sko бетін белгілеңіз және #педагогическийДуэт_1 хэштегті көрсетіңіз (соңғы Сан роликтің нөмірін көрсетеді)

По итогам независимого оценивания общественности, участники, набравшие наибольшее количество просмотров и репостов, пройдут на 3 этап.

Жұртшылықтың тәуелсіз бағалауының қорытындылары бойынша ең көп Көрулер мен репосттар санын жинаған қатысушылар 3 кезеңге өтеді.

Үшінші (Zoom платформасы арқылы онлайн) кезең – қорытынды – 11 қараша 2020 жыл.

«Білім беру ұйымында отбасылық тәрбиені жетілдіру немесе ата-аналармен жұмысты жетілдіру жөніндегі шағын дебаттар» (7 минутқа дейін), конкурстық сынақты тәлімгер мен жас педагог бірлесіп ұсынады (қосылуға сілтеме қосымша жіберілетін болады).

Шағын дебаттар тақырыбының өзектілігі 2020-2025 жылдарға арналған ҚР ББжҒДМБ «Білім алушының зияткерлік, рухани-адамгершілік және физикалық дамуын қамтамасыз ету» міндетімен негізделген.

IV. Іріктеу критерийлері

4.1.Деятельность участников конкурса оценивается жюри по следующим критериям:

4.1.Қазылар алқасы байқауға қатысушылардың қызметін келесі критерийлер бойынша бағалайды:

«Шағын дебаттар»

  • тақырыпқа сәйкестігі, 2020-2025 жылдарға арналған ҚР ББжҒДМБ белгіленген мәселелерді шешу есебі;
  • тәлімгерлік құндылықтарын іске асыру;мазмұнды талқылау (дәлелдер, фактілер және т. б.);
  • материалды жеткізудегі өзіндік ерекшелік;
  • педагогикалық әртістік және харизма.

4.2. Қазылар алқасы финал қатысушыларын критерийлерге сәйкес бағалайды және конкурстық іс-шараның қорытындысы бойынша рейтинг жасайды.

4.3. Дауыс беру кезінде қазылар алқасы төрағасының шешуші дауыс беруге құқығы бар.

V.Конкурс жеңімпаздарын анықтау тәртібі

Байқаудың III кезеңінің барлық қатысушыларына қатысу сертификаттары беріледі. Жеңімпаздары «Өрлеу» БАҰО» АҚФ «СҚО ПҚ БАИ» I, II, III дәрежелі дипломдармен және сыйлықтармен марапатталады. Үздік қатысушылардың суреттері «Педагогикалық ізденіс» ресми басылымында және ArtWall-да орналастырылады.

Байланыс деректері:

Өтінімдер (№ 1 қосымша) — laboratoria_orleu@mail.ru электрондық мекен-жайға жіберіледі.

Кенбеилова Айман Ергазиевна, білім беру процесін психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу кафедрасының курстан кейінгі қолдау және инновацияларды енгізу зертханасының меңгерушісі, 87053377671

Тайланова Амина Сериккалиевна, инновациялық білім беру және ақпараттық технологиялар кафедрасының курстан кейінгі қолдау және инновацияларды енгізу зертханасының меңгерушісі, 87021956836

Қосымша 1

Қазақстандағы волонтер жылына арналған «Педагогикалық дуэт» кәсіби шеберлік пен тиімді тәлімгерлік имиджінің облыстық конкурсы қатысушының өтінімі

1.Тәлімгердің аты-жөні, тегі (толық)  
1. Жас маманның аты-жөні, тегі (толық)  
2.Мекенжайы  
3.Білім беру ұйымы  
4.Жұмыс өтілі  
5.Сведения о наиболее значительных педагогических результатах за последние 5 лет  
6.Квалификацилық категория  
7. Материалды ұсыну тілі  
8.Байланыс телефоны  
9.Электронды поштасы  

Ақпарат көзі: www.ipksko.kz

Жариялану күні: 08.10.2020