Білім жаңалықтары :: Қозыбаев университетінің студенттеріне польшалық маман шеберлік сағатын өткізді

Тамақ өндiру саласында 20 жылдық тәжiрибесi бар маман жастарға iрiмшiк әзiрлеудiң еуропалық тәсiлiн таныстырмақ ниетте. Табиғи таза, пайдалы әрi дәмi тiл үйiретiн iрiмшiктi қалай жасауға болады? Бүгiн оны әзiрлеудiң қыр-сырын Қозыбаев университетiнiң азық-түлiк қауiпсiздiгi кафедрасында бiлiм алып жүрген студенттерге польшалық маман Пётр Згужыньски түсiндiрiп бердi.

Негiзi, iрiмшiктiң тарихы Польша елiнен бастау алған екен. Деректерге сүйенсек, төрт түлiк мал асыраған қазаққа да бұл тағамның жасалу тәсiлi таңсық емес. Бүгiнде өңiрiмiздiң өзiнде iрiмшiк әзiрлейтiн бiрнеше кәсiпорын бар. Серiктестiк өкiлдерi сүттен дайындалатын тағамның қыр-сырын жергiлiктi университеттiң студенттерiне де үйретiп жүр.

Айдана Әбiлда — Kozybayev University агротехнологиялық факультетi азық-түлiк қауiпсiздiгi кафедрасының оқытушысы:

-Қазiргi уақытта студенттер кәсiптiк тәжiрибеден өтедi. Оңтүстiктен келген жастар беделдi кәсiпорындарда бiлiмiн арттыруда. Теориялық бiлiмiн нығайтуда. Практикада iрiмшiктiң түр-түрiн өз көздерiмен көруде. Жасалу тәсiлiн зерттеуде.

Азық-түлiк қауiпсiздiгi кафедрасының 4 түлегi дипломдық жұмысын дәл осы тақырыпқа негiздеген екен. Яғни, iрiмшiк жасаудың әдiс-тәсiлдерiн зерттеуже. Ал 1-шi және 2-шi курс студенттерiне арналып бүгiн шеберлiк сағаты ұйымдастырылды. Польшадан арнайы ат терлетiп келген маман 20 жылдық тәжiрибесiмен бөлiсуде.

Пётр Згужыньски — «CSK Food enrichment Poland» инженерi:

– Осы 20 жыл бойы мен Польшадағы фирмалардың бiрiнде сүттiң ұйытқысын әзiрлеумен айналыстым. Кейiн өнiмнен iрiмшiк дайындайтынбыз. Сонда бiраз тәжiрибе жинақтадым, iрiмшiктiң түр-түрi болатынын бiлдiм. Қазiр өз кәсiпорнымды ашып, бiлген-түйгенiмдi студенттер мен жас бизнесмендерге үйретiп жүрмiн.

Маманның айтуынша, iрiмшiктiң құрамында бiз бiлмейтiн құпия қоспа жоқ. Оның қаншалықты дәмдi әрi сапалы болып шығуы сүтке ғана байланысты. Тағамның бұл түрi көбiне сиырдың, ешкiнiң, кей елдерде қойдың ағынан да әзiрлене бередi екен. Сондықтан, iрiмшiк әр жерде әр түрлi болып шығады. Дәмi және иiсi, тiптi, көрiнiсiне қарай да өзгешеленедi.

Пётр Згужыньски — «CSK Food enrichment Poland» инженерi:

 — Еуропада iрiмшiк әзiрлеудiң ерекше трендi пайда болды. Нақтырақ айтсақ, тағамға қосылатын тұз бен майдың өлшемiн азайттық. Бұрын сiз де, бiз де қолданып келген кей дәмдеуiштерден бас тарттық. Өйткенi, олар iрiмшiкке ерекше дәм бергенiмен пайдасы шамалы. Сондай-ақ, жұмыстың барлығын арнайы техника орындайды. Заман игiлiгi өнiм сапасының жоғары болып шығуына септеседi.

Польшалық маман Еуропа елдерiнде көпшiлiктiң көңiлiнен шыққан iрiмшiктiң құрамын егжей-тегжейлi айтқан жоқ. Дегемен, онысын алдағы күндерi университет студенттерiне үйрететiн болады. Жастар алған бiлiмiн тәжiрибе жүзiнде көрсетсе, мақтаған тағамның дәмiн татып көру бiзге де бұйырып қалар.

Маржан Касымбек

Ақпарат көзі: mtrk.kz

Жариялану күні: 17.02.2021