Өңір жаңалықтары :: БАСКЕТБОЛДАН СПАРТАКИАДА БАСТАЛДЫ

БАСКЕТБОЛДАН СПАРТАКИАДА БАСТАЛДЫ

Петропавлда жасөспiрiмдер арасында баскетболдан спартакиада басталды. Қалалық сайысқа мектеп оқуышыларынан жасақталған командалар қатысып жатыр. Iрiктеу кезеңiнен 18 құрама алға суырылып шықса, ал бүгiн олардың тек 16-сы финалға жолдама алды.

Петропавлда жасөспiрiмдер арасында баскетболдан спартакиада өткiзу игi дәстүрге айналған. Биыл барлық қала мектептерiнiң 9, 10, 11 сынып оқушылары қатысуда. Спортшылар 5 күн бойы өз араларында мықтыны анықтайды.

ПАВЕЛ АНТОНИНКО, БАС ТӨРЕШI:

- Қаламыздың ең үздiк командасын анықтаймыз. 1-шi күнi iрiктеу кезеңi болды. Аталмыш турдан 18 команда үздiк шықты. Ал бүгiн олардың тек 16-сы ғана ақтық сынға жолдама алды.

Данила Рошков нөмiр 43 орта мектебiнiң 11 сынып оқушысы. Баскетболмен айналысқанына 8 жыл болыпты. Даниланың командасы 2018 жылы жасөспiрiмдер арасында баскетболдан Қазақстан чемпионатында жеңiске жеткен. Жас спортшылар биыл да бiрiншi орыннан дәмелi.

ДАНИЛА РОШКОВ, СПОРТШЫ:

- Бұл командамен бiз көптеген сайыстарда жеңiске жеткенбiз. Қазiр құрамымызда 8 адам. Бүгiнде жақсы дайындықпен келдiк. Мектебiмiздiң намысын қорғаймыз. Өзiм 11 сынып болсам да, сабақ пен спортты қатар алып жүре аламын. Болашақта да баскетбол ойнайтын боламын.

Сайыс қорытындысы бойынша жеңiске жеткен мектеп командасы облыстық кезеңге өтедi.

Жансая ҚАЙЫПОВА

Ақпарат көзi: petropavltv.kz 

Жариялану күні: 21.01.2020