«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН – ТАЗА БОЛАШАҚ!»
Еліміздің экологиялық мәдениетін қалыптастыру, қоршаған ортаны қорғау және табиғатқа деген жауапкершілікті арттыру мақсатында мектебімізде жұмыс істейтін «Экопатриот» клубы «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында челлендж жолдайды.
Табиғатты аялау – әр азаматтың парызы. Тазалықты сақтау, қоршаған ортаға жанашырлықпен қарау, туған жеріміздің көркеюіне үлес қосу – баршамызға ортақ міндет.
Біз таза әрі көрікті Қазақстанды өзімізден, өз ортамыздан, өз әрекетімізден бастаймыз!
🌱 Табиғатты қорғайық!
🌱 Тазалықты сақтайық!
🌱 Болашаққа таза орта қалдырайық!
Таза Қазақстан – біздің ортақ жауапкершілігіміз!
Жариялану күні: 05.11.2026