Бүгін мектебімізде «Таза Қазақстан» республикалық бастамасы аясында экологиялық акция, яғни сенбілік өтті. Оқушылар мен педагогтар мектеп аумағы мен оған іргелес жерлерді тазалау үшін бірікті.
Акция барысында қатысушылар аумақты қоқыстан тазартып, жасыл желектерді ретке келтіріп, ағаштарды әктеп, мектептің көркеюіне өз үлестерін қосты.
Осындай іс-шаралар жас ұрпақтың экологиялық мәдениетін қалыптастырып, табиғатқа ұқыпты қарауға және тазалыққа жауапкершілікпен қарауға тәрбиелейді.
Барлық қатысушыларға белсенділік танытып, ортақ іске қосқан үлестері үшін алғыс білдіреміз! Бірге біз әлемді таза әрі көрікті етеміз!
 
  
 
 
 
 
Жариялану күні: 25.04.2026