Өңір жаңалықтары :: 27 ҚАҢТАР — ЛЕНИНГРАД ЖАУ ҚОРШАУЫНАН ТОЛЫҚ БОСАТЫЛДЫ

27 ҚАҢТАР — ЛЕНИНГРАД ЖАУ ҚОРШАУЫНАН ТОЛЫҚ БОСАТЫЛДЫ

1944 жылы 27 қаңтар күнi Ленинград жау қоршауына толық босатылды. Петропавлдағы Иван Шухов кiтапханасының ұжымы осы датаға орай үлкен iс шара өткiзiп, 900 күндiк қоршаудың куәгерлерiн, концлагерь тұтқыны болған, тыл еңбеккерлерiн шақырды. Кiтапхана оқырмандарының қатысуымен театрландырылған қойылымдар көрсетiлiп, ардагерлер жастармен өмiрлерiнiң ең ауыр жылдары жайында әңгiме құрды.

Евгения Ткачева Ресейдiң Ленинград қаласының тумасы. Сонда бiлiм алып, Қазақстанға жас маман боп келген. «Батыр» қала атағы бар Лениградты жау қоршауға алған жылы оның жасы небары 4-те едi. Алайда сол жылдар оның есiнде анық сақталған.

ЕВГЕНИЯ ТКАЧЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ, ЛЕНИНГРАД ҚАЛАСЫНЫҢ ТУМАСЫ:

- Әуе дабылдары есiмде. Ондай сәттерде атам, көршiлердiң бәрi бомбапанада тығылатынбыз. Қараңғы және суық болатын. Бiр қызығы өзiм сияқты балалардың еш қайсысы жыламай, айтқанды орындайтынбыз. Ерте есейдiк деп айтуға болады. Жұмыс iстейтiндерге 250 грамм, қариялар мен балаларға 100 грам ғана нан берiлетiн. Оның өзi таза ұннан емес.

Ленинград қаласын немiс-фашист басқыншылары 900 күн қоршауда ұстады. Аштықтан 1,5 млн адам қырылды. Алайда тiрi қалғандардың еш бiреуi жауға берiлмей, қиындыққа қарсы тұрды. Петропавлда осы күндердiң куәгерлерi тұрады. Бәрi сол жылдары бала болғанымен, естелiктерi көп. Олардың бiразымен бүгiн бөлiстi.

ЛӘЗЗАТ БРИМОВА, И.ШУХОВ АТЫНДАҒЫ ОРТАЛЫҚ ҚАЛАЛЫҚ КIТАПХАНАНЫҢ КIТАПХАНАШЫСЫ:

- Жеңiстiң 75 жылдығына орай, осындай шара ұйымдасытырп, оған оқырмандарымызды шақыруды жөн санадық. Балалар сол күндердi бастан өткерген ата-әжелерiмен әңгiмелессiн, олардың өз ауыздарынан естелiктердi естiсiн, олардан патриоттыққа, батылдыққа үйренсiн деген ниетiмiз бар.

Бүгiнгi шара Иван Шухов атындағы кiтапхананың Ұлы Жеңiстiң 75 жылдығына арналатын шаралар легiн бастады.

Әсел ОРАЗБАЕВА

Ақпарат көзi: petropavltv.kz

Жариялану күні: 23.01.2020