Білім жаңалықтары :: СҚО: КУРСТАР НАЗАР АУДАРАМЫЗ!

СҚО: КУРСТАР НАЗАР АУДАРАМЫЗ!Робототехника саласы — бүгiнде қарқынды дамып келе жатқан технологияның үлкен жетiстiгi. Болашақта қолданысқа енетiн жасанды интеллект секiлдi техникалық өзгерiстердiң барлығы осы робототехника негiзiнде жүзеге асады.

Орта бiлiм беру саласында факультатив және элективтi курстарда роботехника негiздерi пәнi енгiзiлуде. Робототехника бойынша түрлi конкурстар, сайыстар өткiзiлiп, оқушылар бiр-бiрiмен ғылыми-техникалық идеялар, техникалық ақпарат және инженерлiк бiлiмдерiмен алмасуда.

Робототехника курстары — бiрқатар қиын техникалық пәндердi оқушыларға үйретуде керемет құрал. Мұнда оқушылардың тек логикалық ойлау қабiлетi жетiлiп қана қоймай, сонымен қатар, математикалық, алгоритмдiк жалпы қабiлеттерi мен электронды сызбаларды түсiну, өз ойын нақты және дұрыс жеткiзу, проблемаларды түрлi жолдармен шешу, топпен жұмыс жасау секiлдi басқа да зерттеушiлiк бiлiктiлiктерiн де дамытады. Нәтижесiнде оқушылар өз жобаларын жүзеге асыра алады.

Осы орайда 2019 жылдың ақпан айында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «СҚО бойынша ПҚ БАИ» робототехника саласын жаңартылған бiлiм беру мазмұны аясында, «Жаңартылған бiлiм беру мазмұны аясында робототехника негiздерi құралдарын қолдану» атты 72 сағаттық мектепке дейiнгi,бастауыш, орта бiлiм беру педагогтерiне арналған ақылы курс өткiзiледi.

Курс бағдарламасы арнайы жабдықталған «Робототехника» кабинетiнде Lego Mindstorms EV3 және Arduino микроконтроллерiнiң құрылғыларымен таныса отырып, роботтарды модельдеу және бағдарламалау жұмыстарын, құрастыру дағдыларын қамтиды.

Филиал өтетiн курстардың сапасына және курстан кейiнгi қолдауға жауап бередi.

Курс қатысушыларына республикалық ғылыми-әдiстемелiк басылымдарда мақалаларын жариялау үшiн жеңiлдiктер жасалады.

Курс сәттi аяқтаған соң, филиал белгiленген үлгiдегi құжат, яғни сертификат барлық тыңдаушыларға берiледi.

«Жаңартылған бiлiм беру мазмұны аясында робототехника негiздерi құралдарын қолдану» атты 72 сағаттық мектепке дейiнгi,бастауыш, орта бiлiм беру педагогтерiне арналған ақылы курсқа жазылу үшiн өтiнiмдi sko_akadem@mail.ru жiбере аласыздар.

«Жаңартылған бiлiм беру мазмұны аясында робототехника негiздерi құралдарын қолдану» тақырыбы бойынша курсқа жазылу
ӨТIНIМI

 

Қатысушының ТАӘ

Жұмыс орны

Лауазымы

Байланыс деректері

1

       

2

       

3

       

А.Тұрсынбеков «Робототехника негiздерi» бойынша курстардың тренерi

Ақпарат көзi: www.ipksko.kz

Жариялану күні: 07.02.2019