Оқы орындарының жаңалықтары :: ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ТАЗАЛЫҚ КҮНІ
 
🌍 ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ТАЗАЛЫҚ КҮНІ 🌿
Дүниежүзілік тазалық күні аясында мектебіміздің 5–11 сынып оқушылары жалпы мектептік сенбілікке белсене қатысты. 🧹🍂
Оқушылар бірлесе еңбек етіп, мектеп аумағын қоқыстан және түскен жапырақтардан тазартып, мектеп ауласын ретке келтірді. Ортақ еңбектің арқасында мектебіміздің ауласы таза әрі көрікті бола түсті. ✨
Осындай игі шаралар оқушыларды еңбекқорлыққа, жауапкершілікке, қоршаған ортаны аялауға және тазалықты сақтауға тәрбиелейді. 🌱
Тазалық – әрқайсымыздан басталады! Табиғатты аялау, туған жеріміз бен мектебіміздің тазалығына қамқорлық жасау – баршамыздың ортақ міндетіміз. 💚
Жариялану күні: 19.09.2026