Оқы орындарының жаңалықтары :: президентінің сайлауы
Бүгін, яғни 2022 жылдың 23-қыркүйегінде М.Ахметбеков атындағы орта мектебінде өзін-өзі басқару парламенті президентінің сайлауы өтті. Сайлау комиссиясының төрайымы Ашимова Аяжан, хатшысы Нүрпейіс Меруерт, мүшелері Тайшық Еламан, Жұманжанов Нұрислам, Ережеп Батырхан өз қызметтерін мүлтіксіз атқарып, сайлаудың әділ өтуіне бар ынталарын салды. Сайлауға жалпы саны 73 сайлаушы қатысты. Дауыс беру бюллетеньдерін санау нәтижесінде Қасымова Мерей 22 дауыс, Мелихов Тамерлан 21 дауыс, Қайнет Санжар 15 дауыс, Семенычева Александра 15 дауыс жинады. Сонымен, 2022-2023 оқу жылына мектеп парламентінің президенті болып 8 – сынып оқушысы Касымова Мерей Женисовна сайланды. Мерейге осы оқу жылы өзіне жүктелетін міндеттерді абыроймен атқарып, мектептің өркендеуіне өз үлесін қосуына тілектестіз.видеоны ссылка арқылы көруге болады https://www.facebook.com/100022843364704/videos/789697125511930
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Жариялану күні: 23.09.2022