Оқы орындарының жаңалықтары :: «Тұрар әлемдік деңгейдегі танымдық тұлға » атты тарихи –танымдық сағат өтті.
Халқымыздың мақтан тұтар тұлғаларының өмірі мен ерлігін, қайраткерлігін дәріптеп насихаттауға, тарихи парақтарынан тағылым алуға үйрену Тұрар Рысқұловтың 130 жылдығына арналған «Тұрар әлемдік деңгейдегі танымдық тұлға » атты тарихи –танымдық сағат өтті. Тұрар Рысқұлов туралы айтар болсақ, ол біріншіден, ұлт қайраткері, қазақ халқын ашаршылықтан құтқарып қалған бірден бір саяси тұлға. Азық-түлік жеткізу туралы Сталинге жазған хаты, Қазақстан-Сібір жолдарын салудағы белсенділігі оның қайраткерлігін айқындай түседі. Ол Қазақстанда ғана емес, әлемдік деңгейде еңбегі еленген тұлға екенін ұмытпағанымыз жөн. Сондықтан, келешек ұрпаққа Тұрар Рысқұловтай қайраткерді таныстыру біздің парызымыз.
Жариялану күні: 26.12.2024