Оқы орындарының жаңалықтары :: «Психологиялық қауіпсіздіктің 10 күні»

22 қаңтар күні «Психологиялық қауіпсіздіктің 10 күні» челленджі аясында «Жеке деректеріңді тексер» атты 4-күн өткізілді.
Челлендждің мақсаты – оқушылардың цифрлық қауіпсіздік дағдыларын қалыптастыру және интернет кеңістігінде жауапты мінез-құлық мәдениетін дамыту.
Оқушылар әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі негізгі құпиялық баптауларымен танысып, өздерінің қауіпсіздік деңгейін дербес бағалауды және оны арттыру жолдарын үйренді.
Педагог-психологтың жетекшілігімен өткен практикалық бөлімде оқушылар келесі параметрлерді тексеріп, баптады: жеке хабарламаларға кім жаза алатыны, жарияланымдарды кім көре алатыны, пікірлерді сүзгіден өткізу мүмкіндіктері, сондай-ақ қажетсіз немесе қауіпті контентті бұғаттау және шағымдану функциялары.
Аталған іс-шара оқушылардың жеке ақпаратқа саналы көзқарасын қалыптастыруға және цифрлық ортада өзін техникалық құралдар арқылы қорғай білу дағдыларын дамытуға ықпал етеді.
  

Жариялану күні: 22.01.2026