Оқы орындарының жаңалықтары :: 1 сәуірде 1-сыныпқа құжат қабылдау басталады
1 сәуірде 1-сыныпқа құжат қабылдау басталады
✍🏻 Биыл 1-сыныпқа қабылдау үшін өтініштерді қабылдау 1 сәуірде басталып, 2025 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі Орта білім комитетіне сілтеме жасап.
🏫 «Білім туралы» ҚР Заңына сәйкес, балалар 6 жастан бастап ата-аналардың өтініші бойынша мектепке қабылданады. Құжаттарды электрондық үкімет порталы (egov.kz) арқылы немесе қағаз түрінде 1 сәуір мен 31 тамыз аралығында тапсыруға болады.
🔹 Қазақстан азаматтары үшін мектепке қабылдау құжаттарының тізімі:
1. ата-аналардың немесе заңды өкілдердің өтініші
2. № 065-у нысанындағы денсаулық жағдайы туралы анықтама және баланың денсаулық паспорты (№ 052-2/у);
3. 3х4 см өлшеміндегі 2 фотосурет.
✔️ Шетел азаматтары үшін:
Бала ата-анасының немесе басқа заңды өкілдерінің Қазақстан Республикасында уақытша немесе тұрақты тұруы қажет. Шетел азаматтары мектепке қабылдау үшін тұрақты тұруға рұқсат құжатын және тұрғылықты жері бойынша тіркеу белгісін ұсынуы тиіс.
📌 Өтініштер дүйсенбіден жұмаға дейін қабылданады (демалыс және мереке күндерінен басқа).
🧑‍🧑‍🧒‍🧒 Құрметті ата-аналар, құжаттарды соңғы күндерге қалдырмай, мектепке қабылдау мәселесін алдын ала шешуді сұраймыз.
Жариялану күні: 30.06.2025