Оқы орындарының жаңалықтары :: Бүгін 1- шілде мектепалды сынып балалары үшін мектепте сауықтыру алаңының ашылуы болды. Балалармен түрлі қызықты ойындар ойналды. Дене шынықтыру жаттығулары жасалып, қауіпсіздік ережелері туралы ойындар үйреттік. Балалар таза ауада доппен ойындар ойнап, асфальтта сурет салды. "Менің Отаным- менің Қазақстаным" тақырыбында әңгіме өткізілді. Балалардың бүгінгі күні қызықты әрі пайдалы өтті деуге болады.
Жариялану күні: 01.07.2025