Оқы орындарының жаңалықтары :: Балалар кітапханасы

"Балалар кітапханасы" бағдарламасын іске асыру аясында және халықаралық кітап сыйлау Күніне орай 13 ақпанда Крещенка орта мектебінің кітапханасында "Шын жүректен кітап сыйла"атты мейірімді және шабыттандыратын челлендж өтті. Акция мектеп кітапханасының қорын толықтыру және оқуды насихаттау сияқты маңызды мақсат төңірегінде бей – жай қарамайтын оқушыларды біріктірді. Қатысушылар жаңа және ұқыпты сақталған кітаптарды қуанышпен әкеліп, оларды кітапханаға шын жүректен сыйға тартты. Іс-шара барысында кітапхана қоры қызықты көркем шығармалармен, танымдық әдебиеттермен, бастауыш және орта мектеп жасына арналған кітаптармен толықтырылды. Сыйға тартылған әрбір кітап сөредегі басылым ғана емес, оқырман мәдениетінің дамуына қосқан үлесі, мектеп кітапханасының қолдауы және біреудің оқу арқылы жаңа әлемді ашу мүмкіндігі болды. "Шын жүректен кітап сыйла" челленджі бірлескен күш – жігермен кітапхананы қалай бай, ал әлем-мейірімді етуге болатынының жарқын үлгісі болды. Мұндай акциялар кітап қорын толықтырып қана қоймай, балалардың жомарттығын, жауапкершілігін және оқуға деген сүйіспеншілігін арттырады.

 

 

 

 

 

Жариялану күні: 14.02.2026