Облыста 10 наурыз бен 10 сәуiр аралығында ЖОО-ға ақылы негiзде түсу үшiн ҰБТ өтедi. Алғаш рет тестiлеу компьютерлiк форматта өтетiн болады. Түлектер ҰБТ-ны тапсыру орны мен күнiн өздерi анықтайды. ҰБТ-ға мына сiлтеме бойынша тiркелуге болады app.testcenter.kz.
Пәндер саны өзгерiссiз қалды — үш мiндеттi және екi профильдi. Барлығы 120 тапсырма. Ең жоғарғы ұпай саны — 140. Тестiлеуге жалпы 4 сағат (240 минут) берiледi.
ҰБТ күнiне 2 рет, 1 лек сағат 9.00-ден 13.00-ге дейiн, 2 лек 14.30-дан 18.30-ға дейiн өткiзiледi.
Тестiлеу аяқталғаннан кейiн 5 минуттан соң электронды форматта апелляцияға беруге болады. Апелляцияға 30 минут берiледi. Апелляцияны Республикалық апелляциялық комиссия жүргiзедi.
Облыста тестiлеу «U-FUTURE» ЖШС 3 пунктiнде өткiзiледi: бiр пункт облыс орталығында және 2 аудан орталығында орналасқан (Новоишимка ауылы Ғ.Мүсiрепов атындағы ауданы, Тайынша қаласы Тайынша ауданы). Пункттер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, «1 тестiленушi — 1 компьютер — 1 камера» қағидаты бойынша жабдықталған. Тестiленушiлердi iске қосу және отырғызу кезiнде қашықтық сақталады. Заманауи бейнебақылау жүйесi iске қосылған. Face ID — цифрлық сәйкестендiру құралы «жалған» тұлғаны анықтау үшiн қолданылады.
Жазғы ҰБТ — бiлiм беру грантын тағайындау конкурсына қатысуға сондай-ақ, ақылы негiзде ЖОО-ға қабылдау үшiн ү.ж. 11 сәуiр мен 30 маусым аралығында өтедi. Бұл тестiлеуге қатысқандардың тестiлеудi тапсыруға 2 талпынысы бар және үздiк нәтиже бойынша гранттар конкурсына қатыса алады. Бұл ретте түлек екiншi тестiлеуге таңдау бойынша бейiндiк пәндердi ауыстыра алады.
Барлық түлектерге ҰБТ-да сәттiлiк тiлеймiз!
Ақпарат көзі: https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-uob