Білім жаңалықтары :: Халықаралық интернет олимпиадасының жеңімпаздары мен қатысушыларын құттықтаймыз!

2021 жылдың 29 қаңтарында «Өрлеу» БАҰО» АҚ Солтүстік Қазақстан және Қостанай облысы филиалдарының халықаралық ынтымақтастық шеңберінде  «Педагогикалық шеберлік академиясы: ХХІ ғасырдың дағдылары» Халықаралық әдістемелік орталығы «2 ғылым тоғысында»  биология және химия мұғалімдері үшін халықаралық интернет олимпиадасы өткізілді.

Олимпиадалар, конкурстар  қазіргі кезде педагогтердің  біліктілігін арттыру институттары қызметінің өзекті бағыттарының бірі.

Олимпиаданың мақсаты - жоғары пәндік білімі бар шығармашыл мұғалімдерді анықтау, қолдау және көтермелеу;  кәсіби шеберлікті арттыруға жағдай жасау.

Мұғалімдердің олимпиадаға қатысуы өте маңызды, өйткені бұл олардың өзін-өзі тануына ықпал етеді, белгілі бір пәндік бағыт бойынша білімдерін кеңейтеді және тереңдетеді.

Халықаралық интернет олимпиадасына Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының облыстары мен қалаларынан 8723 мұғалім қатысты. Оның ішінде біздің облыстан 755 биология және химия мұғалімдері, барлық қатысушылар сертификаттарға ие болды. Жеңімпаздар дипломдармен марапатталды. Биология пәні бойынша 3 дәрежелі дипломмен - 527 мұғалім,  2 дәрежелі - 215 мұғалім және 1 дәрежелі - 16 мұғалім. Химия пәні бойынша 480 мұғалім 3 дәрежелі, 2 дәрежелі - 449 мұғалім және 1 дәрежелі дипломмен - 43 мұғалім дипломдарға ие болды. 

Жариялану күні: 11.02.2021