Педагогтардың мәртебесiн көтерiп, абыройын арттыру. Осындай мақсатта елдiң Бiлiм және ғылым министрiнiң тапсырмасымен облыстық бiлiм саласында сапаны қамтамасыз ету департаментiнде консультативтiк-кеңесшi орган құрылды. Бүгiн аталған ұйымның алғашқы отырысы өттi.
Баян Ахметова — педагогикалық еңбек ардагерi. Ол мұғалiмдiк жолды 81-шi жылы Уәлиханов ауданында бастапты. Содан берi оқушыларға бар бiлгенiн үйретiп келедi. Және ең бастысы — облыстағы бiлiм сапасын арттыруға өз үлесiн қосуда. Нәзiкжанды зейнетке шыққанына қарамастан әлi күнге дейiн ұл-қыздарға сабақ беруден жалықпаған. «Жаңадан ашылған орган қоғамдағы педагог мәртебесiн арттыруға септеседi», — дейдi.
Баян Ахметова — педагогикалық еңбек ардагерi:
– Қазiргi уақытта Бiлiм және ғылым министрлiгi тарапынан мұғалiмдердiң мәртебесiн арттыру бойынша бiрталай жұмыс атқарылып жатыр. Бұл жайында заңға да енгiзiлдi. Осы заң бойынша ұстаздар өз құқықтарын қорғай алады.
Педагогтiк әдеп мәселелерi жөнiндегi консультативтiк-кеңесшi орган өз жұмысын
былтыр Нұр-Сұлтан қаласында пилоттық режимде бастаған болатын. Жоба оң нәтиже берiптi. Сол себептi, мұндай ұйым Бiлiм және ғылым министрi Асхат Аймағамбетовтың тапсырмасымен барлық облыстарда құрылуда. Бұл орган ұстаздардың педагогикалық әдеп нормаларын сақтауын қадағалаумен айналысады. Сондай-ақ, мұғалiмдердiң құқығы да назардан тыс қалмайды.
Айнагүл Сұрағанова — СҚО бiлiм саласында сапаны қамтамасыз ету департаментiнiң басшысы:
– Бұл органға 11 адам мүшелiк етедi. Оның iшiнде облыстық, қалалық мәслихаттардың депуттары, педагогика саласының ардагерлерi, кәсiподақ ұйымының мүшелерi, қалалық бiлiм бөлiмiнiң қызметкерлерi кiредi.
Балаларды бiлiм нәрiмен сусындатып жүрген мамандар кез келген жағдайға тап болуы мүмкiн. Мәселен, ата-аналар немесе басшылық тарапына түсiнiспеушiлiк орын алып жатады. Мұндай жағдайда алдымен мектептегi педагогикалық этика кеңесiне жүгiнуi керек. Егер мәселе шешемiн таппаса, онда консультативтiк-кеңесшi органға хабар бере алады.
Казиканова Алтынай
Ақпарат көзі: mtrk.kz



