Оқы орындарының жаңалықтары :: «Менің Республикам – менің мақтанышым» сынып сағаты
19 қазанда 9-сыныпта «Менің Республикам – менің мақтанышым» тақырыбында сынып сағаты өтті.
Сабақ аясында тоғызыншы сынып оқушылары республикамыздың қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдеріне арналған бейнероликті тамашалады. Бейнероликті көріп болған соң, оқушылар шығармашылық тапсырманы орындап, «уақыт кестесін» толтырды: олар мектепке жаңадан келген кездегі өмірлерін еске түсірді, қазіргі шақты талқылады және өздерінің болашағы мен туған елінің болашағы туралы пайымдауларымен бөлісті.
Сынып сағаты шеңберінде «Дұрыс таңдау жасап, ештеңеге өкінбеу жолы қандай?» тақырыбында қауіпсіздік сабағы өткізілді.
855602665_2415632092540534_5614064780479283193_n
 
19 қазан күні 4-сыныпта Қазақстан Республикасының күніне арналған «Менің Республикам – менің мақтанышым!» тақырыбында сынып сағаты өтті.
Іс-шара барысында оқушылар Отанға деген сүйіспеншілік, патриотизм, мемлекеттік рәміздер және мерекенің маңызы туралы әңгімелесті. Балалар тақырыптық жұмыс парақтарындағы тапсырмаларды қызығушылықпен орындап, Республика күніне арналған мерекелік ашықхаттарды бояды.
Сонымен қатар «Тамақтанудағы тәжірибелер арқылы өзіңе қалай зиян келтірмеуге болады?» тақырыбында № 8 он минуттық қауіпсіздік сабағы өткізілді. Оқушылар дұрыс әрі теңгерімді тамақтанудың маңыздылығы туралы біліп, тамақтануға қатысты ойланбай жасалған тәжірибелердің зияны мен денсаулыққа жауапкершілікпен қарау қажеттілігін талқылады.
Іс-шара оқушылардың бойында отансүйгіштік сезімді, еліне деген мақтаныш пен салауатты өмір салтын ұстану дағдыларын қалыптастыруға ықпал етті.
855645259_2415805822523161_2073489544672975898_n
 
 
7-сынып оқушыларымен «Менің Республикам — менің мақтанышым» тақырыбында тәрбие сағаты және «Дипфейктер мен цифрлық манипуляциялар» тақырыбында қауіпсіздік сабағы өткізілді.
Тәрбие сағаты барысында оқушылар Қазақстанның тарихы, мемлекеттік рәміздері мен ұлттық құндылықтары туралы білімдерін кеңейтті. Отанға деген сүйіспеншілік, елін құрметтеу және азаматтық жауапкершілік мәселелері талқыланды.
Қауіпсіздік сабағында оқушылар дипфейк ұғымымен танысып, жасанды интеллект арқылы жасалған жалған бейнелерді, суреттер мен аудиожазбаларды ажырату жолдарын үйренді. Ақпараттың шынайылығын тексеру, сыни ойлау және интернеттегі қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттілігіне назар аударылды.
Мақсаты: оқушылардың бойында отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыру, цифрлық сауаттылығын арттыру және интернеттегі қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын дамыту.
Отанды сүю — оның болашағына жауапкершілікпен қарау!
 
19 қазанда 3-сыныпта «Мен өз елімді мақтан тұтамын» тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Іс-шараның мақсаты – оқушылардың бойында патриоттық сезімді қалыптастыру, Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру, мемлекеттік рәміздерге, Қазақстанның тарихы мен мәдениетіне құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Сынып сағаты барысында оқушылар өз елдері, оның жетістіктері, мемлекеттік рәміздері мен ұлттық дәстүрлері туралы әңгімелесті. Балалар Қазақстанды неліктен мақтан тұтатындары туралы өз ойларымен бөлісіп, суреттер салды, сұрақтарға жауап беріп, талқылауға белсенді қатысты.
Іс-шара соңында оқушылар әрбір азамат өз Отанын сүйіп, оның тарихын құрметтеп, болашағының дамуына өз үлесін қосуы керектігі туралы қорытынды жасады.
Сонымен қатар «Ата-ана бақылауы» бағдарламасы және оның балаға пайдасы» тақырыбында қауіпсіздік сабағы өткізілді.
854878928_2413921322711611_959629248241438723_n
 
Сынып сағатының тақырыбы: «Менің Республикам – менің мақтанышым»
Қауіпсіздік сабағы № 8 (10 минут): «Мамандар келгенге дейінгі алғашқы көмек: жасөспірім нені білуі керек?» Өткізілген күні: 19.10.2026 ж. Сыныбы: 8-сынып
Мақсаты: Оқушылардың туған еліне деген сүйіспеншілігі мен мақтаныш сезімін қалыптастыру, Қазақстан Республикасының жетістіктері мен құндылықтарын дәріптеу, азаматтық жауапкершілігін арттыру. Сонымен қатар, жасөспірімдерге төтенше жағдайларда алғашқы көмек көрсетудің маңыздылығын түсіндіру, қауіпсіздік ережелерін сақтауға және жауапты әрекет етуге үйрету.
Өткізілу барысы: 2026 жылғы 19 қазанда 8-сынып оқушыларымен «Моя Республика – моя гордость» тақырыбында мазмұнды әрі танымдық сынып сағаты өткізілді.
Сынып сағатының мазмұны оқушылардың патриоттық сезімін оятуға, туған жерге деген құрметін нығайтуға және Қазақстан Республикасының жетістіктерін мақтан тұтуға бағытталды. Іс-шара барысында тақырыпқа сай арнайы әзірленген презентация көрсетіліп, оқушыларға викториналық сұрақтар ұсынылды. Оқушылар өз білімдерін ортаға салып, сұрақтарға жауап беру арқылы белсенділік танытты.
Сынып сағатының ерекшелігі — ақпараттық материалдардың, викториналық тапсырмалардың және бейнероликтердің өзара үйлесімді қолданылуы болды. Көрнекі материалдар оқушылардың тақырыпты тереңірек түсінуіне ықпал етіп, сабақтың танымдық мазмұнын арттырды. Әртүрлі жұмыс түрлерінің үйлесуі сынып сағатын тартымды, әсерлі әрі есте қаларлықтай өткізуге мүмкіндік берді.
Сынып сағатының екінші бөлімінде 10 минуттық № 8 қауіпсіздік сабағы «Первая помощь до прибытия специалистов: что должен знать подросток?» тақырыбы бойынша ұйымдастырылды.
Бұл бөлімде алғашқы көмектің маңыздылығы, төтенше жағдай кезіндегі сабырлылық, қауіпсіздікті сақтау және мамандар келгенге дейін дұрыс әрекет ету қажеттілігі қарастырылды. Тақырыпқа қатысты бейнероликтер көрсетіліп, оқушылардың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға баса назар аударылды.
Қорытынды: Сынып сағаты өз мақсатына сай мазмұнды әрі қызықты өтті. Презентациялар, викториналық сұрақтар мен бейнематериалдарды үйлестіре қолдану оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттырып, олардың танымдық белсенділігін жандандыруға мүмкіндік берді.
Іс-шара барысында оқушылардың бойында отансүйгіштік құндылықтарды нығайтуға, азаматтық жауапкершілікті арттыруға және қауіпсіздік ережелеріне саналы көзқарас қалыптастыруға бағытталған жұмыстар жүргізілді.
863598574_2418017282302015_6522986230371937888_n
 
2 сынып оқушыларымен 19 қазанда «Менің Республикам – менің мақтанышым» атты сынып сағаты өткізілді. Қауіпсіздік сабағы: «Қаңғыбас жануарларға кездессе не істеу керек?». Бұл іс-шараның мақсаты: Кіші жастағы оқушыларда отансүйгіштік сезімін, Отанға деген сүйіспеншілікті, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуді қалыптастыру және өз елі үшін мақтаныш сезімін дамыту;
Оқушылармен Отан деген не екендігі туралы әңгіме жүргізіліп, «Республика» ұғымы және бұл сөздің әрбір азамат үшін маңызы талқыланды. Балалар елдің басты рәміздерін (ту, елтаңба, әнран) қайталап, туған өлкеміздің басты көрікті жерлері мен сұлулығы туралы білді. Оқушылар викторина сұрақтарына белсенді түрде жауап берді, Отан туралы өлеңдер оқып, өз елінде нені ерекше жақсы көретіндері туралы әңгімеледі.
Оқушылар өмірлік маңызы бар қауіпсіздік ережелерін меңгеріп, қауіпті жағдайларды болдырмау үшін қаңғыбас жануарлармен кездескенде эмоцияларын бақылауды және дұрыс әрекет етуді үйренді.
 
 
 
19 қазанда 1-сыныпта Қазақстан Республикасының күніне арналған сынып сағаты өткізілді. 🇰🇿
Сынып сағаты барысында оқушылар Отанға деген сүйіспеншілік, патриотизм, мемлекеттік рәміздер және мерекенің маңыздылығы туралы әңгімелесті. Бірінші сынып оқушылары тақырыптық тапсырмаларды қызығушылықпен орындап, жарқын мерекелік ашықхаттар жасады.
Сонымен қатар «Тамақтану кезінде тәжірибе жасау арқылы өзіңе қалай зиян келтірмеуге болады?» тақырыбында 10 минуттық қауіпсіздік сабағы өткізілді. Балалар дұрыс тамақтану ережелерін талқылап, тағамға қатысты ойланбай жасалған тәжірибелердің ықтимал қауіптері мен өз денсаулығына қамқорлық жасаудың маңыздылығы туралы білді.
Өткізілген іс-шаралар оқушылардың бойында патриоттық сезімді қалыптастыруға, өз еліне деген құрметті арттыруға және салауатты өмір салтын ұстануға деген ұмтылысын дамытуға ықпал етті.
 
Жариялану күні: 19.11.2026