News of educational institutions :: Мектеп парламенті
Қыркүйек айының 23-і күні өткен мектеп парламенті президентінің сайлауында жеңіске жеткен 8-сынып оқушысы Қасымова Мерей дүйсенбі күні мектепішілік саптүзеуде ұстаздар мен оқушылар алдында өзін – өзі басқару ұйымына кіре отырып Қазақстан Республикасының патриоты болуға, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, туған елін, жерін мақтан етуге, ата-анасын қадірлеуге, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге, білімге табандылықпен ұмтылуға, салауатты өмір салтын ұстануға, табиғатты аялауға, «Мектеп парламенті» ережесін бұлжытпай орындауға және оны фракция мүшелерінен талап етуге салтанатты түре ант берді
Парламент Президенті:
1) Парламент қызметіне басшылық жасайды және өзіне жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін дербес жауапты болады;
2) өз орынбасарлары, фракция көшбасшылары арасында міндеттерді бөледі және олардың қызметін үйлестіреді;
3) өз міндеттерін орындау кезінде білім беру ұйымының басшылығы берген құқықтарды пайдаланады.
видеоны ссылка арқылы көре аласыздар https://www.facebook.com/100022843364704/videos/473345188053493
Date of publication: 27.09.2022