Білім жаңалықтары :: Халықаралық кәсіптік шеберлік байқауы

2023 жылғы 26 сәуірде Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжі базасында техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының өндірістік оқыту шеберлері мен арнайы пәндер оқытушылары арасында халықаралық кәсіптік шеберлік байқауы өтті.

Конкурстың мақсаты "Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану", "Ауыл шаруашылығын механикаландыру" және "Электрмен қамтамасыз ету " мамандықтары бойынша педагогтердің кәсіби шеберлігін көрсету және кәсіби өсуін ынталандыру болып табылады.

Шекара маңы ынтымақтастығы аясында байқауға Ресей Федерациясының "Шадринск политехникалық колледжі" МБПУ және Солтүстік Қазақстан облысының 12 колледжінің педагогтары қатысты.

Кәсіби-техникалық білім беру жүйесінің ардагерлері, әлеуметтік серіктестер, WorldSkills Kazakhstan республикалық чемпионатының жеңімпазы және конкурс бағыттары бойынша педагогтар сарапшылар ретінде қатысты. Байқау үш кезеңнен тұрды: визит карточкасы, тестілеу және практикалық тапсырманы орындау.

Үш конкурстық алаңда үздік болу құқығы үшін 23 педагог күресті.

Байқау қорытындысы бойынша келесі мамандықтар бойынша жеңімпаздар анықталды:

-"Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану"

1 орын Кулатаев Серік Алпысбайұлы "Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжі" КМҚК

2 орын Пономарев Артем Романович Шадринский политехникалық колледжі және Исенов Серік Сағантайұлы, "Гуманитарлық-техникалық колледжі"

3 орын Семизоров Вадим Валерьевич "Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжі" КМҚК

-"Ауыл шаруашылығын механикаландыру

1 орын Шишкин Сергей Геннадьевич "Аққайың ауданының аграрлық колледжі" КММ

2 орын Фролов Василий Иванович"Жәлел Қизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылығы колледжі" КМҚК

3 орын Сағатов Уәлихан Төлегенұлы «Тимирязев агротехникалық колледжі "КММ және

Предыбайло Алексей Петрович "Петровка аграрлы – техникалық колледжі "КММ

  • «Электрмен қамтамасыз ету»

1 орын Козячев Сергей Михайлович "Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжі" КМҚК

2 орын Игнатов Иван Петрович "Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжі" КМҚК

3 орын Аверина Ильмира Гаптулхановна "Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжі" КМҚК және

Фурманюк Павел Анатольевич "Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжі" КМҚК

 

 [shortCode]{"type":"gallery", "id":"1346", "style":"2"}[/shortCode]

Ақпарат көзі: https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-uob/press/news/1?lang=kk

 
Жариялану күні: 27.04.2023