Білім жаңалықтары :: Бiлiм және ғылым министрлiгi тарапынан ҰБДҚ жүйесiн жаңарту бойынша жүргiзiлген жұмыстар аяқталуға жақын

Бiлiм және ғылым министрлiгi тарапынан ҰБДҚ жүйесiн жаңарту бойынша жүргiзiлген жұмыстар аяқталуға жақын

Бiлiм және ғылым министрлiгi тарапынан ҰБДҚ (Ұлттық бiлiм беру деректер қоры) жүйесiн жаңарту бойынша жүргiзiлген жұмыстар аяқталуға жақын.

Ендi барлық өзектi ақпарат бiрыңғай базада жинақталады, сондықтан қажеттi мәлiмет алу үшiн сауал хаттар жiберiп, жауап күтуге уақыт шығындамауға болады. Мемлекеттiк құрылымдардан (әкiмдiктер, бiлiм беру, полиция бөлiмдерi, санитарлық-эпидемиологиялық қызмет, ҮЕҰ, бiлiктiлiктi арттыру институттары мен әдiстемелiк кабинеттер және т.б.) келiп түсетiн көптеген сауалдарға жауап дайындау қағазбастылықтан арылуға мүмкiндiк бермейдi және уақыт шығынын талап етедi.

Баланың балабақшадағы, кейiн мектептегi, колледж немесе ЖОО-дағы үлгерiмi жайлы ақпарат, бiлiм беру мекемелерiндегi толық мәлiмет базада қамтылады. Сондықтан мектеп басшыларына сауал хаттарға жауап беруге уақыт жұмсаудың ендi қажетi жоқ.

Бiз бiлiм беру бөлiмдерi мен басқармаларына ақпарат қажет болған жағдайда бiлiм беру мекемелерiне сауал жолдауға тиым салдық.

Дегенмен, әлi кейбiр мамандар қажет мәлiметтi ҰБДҚ-дан алғаннан гөрi мектептерге сауал хат жiберудi оңай көредi. Бiрақ, бұл әдеттен арылу қажет. Жаңа ережелердi елемейтiндерге әкiмшiлiк және тәртiптiк сипаттағы шаралар қолданылады.

Ақпарат қалай қолжетiмдi болмақ?

Әкiмдiктер немесе санитарлық-эпидемиологиялық қызмет, бiлiм бөлiмдерi немесе полиция бөлiмдерi бiлiм беру ұйымына сауал жiбермей-ақ, өзiнiң логинi мен паролi арқылы қажеттi форматта бiлiм беру ұйымдарына қатысты өзектi деректердi тiкелей жүктей алады.

Ендiгi басты мiндет — бала басқа мектепке ауысса немесе жұмысқа мұғалiм қабылданса, мәлiметтi бiрден базаға енгiзу арқылы жүйенi нақты ақпаратпен қамтамасыз ету.

Бұған дейiн базаны толтыру жылына тек екi рет, күзде және көктемде жүргiзiлетiн. Сәйкесiнше, жүйедегi ақпарат жыл соңына қарай өзектiлiгiн жоғалтатын. Нақты мәлiмет алу үшiн өзге ұйымдар мектептерге сауал хат жолдауға мәжбүр болатын. Ендi ақпарат 24/7 режимiнде толтырылып, жаңартылып отырады.

Айта кетерлiгi, базаға ақпараттың басым бөлiгiн бұрынғыдай қолмен енгiзiп отыру қажет емес. Себебi Ұлттық бiлiм беру деректер қоры ЖТМДҚ («Жеке тұлғалар» Мемлекеттiк деректер қоры) сынды ақпараттық жүйелермен интеграцияланды. Сәйкесiнше, белгiлi бiр адамның ЖСН мен аты-жөнiн базаға жазсақ, қажет ақпарат шығады.

ҰБДҚ мен ЖТМДҚ интеграциясы есебiнен бiз мектептерде 800 мыңнан астам оқушыға қатысты деректердiң қайталануы жағдайын жойдық. Бiр бала тек бiр мектепте тiркелуi тиiс. Бұл жан басына қаржыландыру жүйесiне көшкен соң ерекше маңызды болып отыр.

Көпшiлiкте дербес деректердi сақтау туралы сұрақ туындайды. Бiз үшiн ақпаратты қорғау — басымдыққа ие. Деректер қоры бөтен адамдардың араласуынан сенiмдi қорғалған және ақпаратқа тек рұқсаты бар шектеулi қызметкерлер санатынан басқа ешкiм қол жеткiзе алмайды.

ҚР Бiлiм және ғылым министрi Асхат Аймағамбетов

Ақпарат көзi: https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/ministerstvom-obrazovaniya-i-nauki-pochti-zavershena-rabota-po-obnovleniyu-nobd?lang=kk

Жариялану күні: 12.05.2020