
Облыста сүмкіндікгі шектеулі балалар мамандық алып, жаңа кәсіпті меңгеріп жатыр. Бұл республикада теңдесі жоқ бірегей жоба. «Солтүстік Қазақстан кәсіптік даярлау және сервис колледжі» ерекше білімді қажет ететін ұл-қыздарды бірнеше мамандық бойынша оқытуда. Биыл олардың бірқатары оқуларын тәмамдап, қолдарына диплом алды. Түлектердің араларында түрлі кәсіпорындарда еңбек етіп, өз-өздерін жұмыспен қамтып отырғандары да бар.
Ақпарат көзі: petropavltv.kz



