Қазақстан 2019 жылғы 3 сәуiр мен 15 мамыр аралығында TIMSS 4 және 8-сынып оқушыларының жаратылыстану-математикалық бағыттағы бiлiм сапасын тексеру жөнiнде халықаралық зерттеуге қатысады.
TIMSS зерттеулерiне Қазақстанның 176 жалпы орта бiлiм беру ұйымы, оның iшiнде Солтүстiк Қазақстан облысынан — 8 мектеп қатысады.
2019 жылғы 11 ақпанда Астана қаласында зерттеу жүргiзу бойынша жауапты тұлғаларға арналған оқыту семинары өттi, СҚО-дан 15 адам қатысты. Семинарда TIMSS-2019 зерттеуiн жүргiзу мәселелерi, зерттеу құралдары қарастырылды.
Ақпарат көзі: uob.sko.gov.kz/