1. Жалпы ереже
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы Акционерлік қоғамы Солтүстік Қазақстан облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты жоспары аясында бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған Республикалық қашықтық олимпиадасы (кейін — Олимпиада) өткізіледі.
Олимпиаданы ұйымдастыруда «Бастауыш мектепте оқыту», «Бастауыш сынып әдістемесі» Республикалық ғылыми-әдістемелік журналдары, «Білімді ел» Республикалық газеті, «Педагогикалық ізденіс» ақпараттық ғылыми-ізденіс журнал, «Білім берудегі балалар – балаларға білім беру» Ақпараттық агенттігі ақпараттық қамтамасыз етеді.
Олимпиада ережесі мына нормативтік базаларға негізделген:
- ҚР Президенті Қ. Токаевтың Қазақстан халқына Жолдауы «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі», 2 қыркүйек 2019 ж.
- 2019-2020 оку жылында ҚР жалпы білім беретін мектептерде білім беру жүйесін ұйымдастыру жүйесі туралы Әдістемелік нұсқау хат.
- Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы. 27 шілде 2007 жыл №319-III. (24.11.2015 жылы өзгерістер мен толықтырулар енгізілген).
- Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру мәселелері бойынша өзгерістермен толықтырулар еңгізу туралы заңы. (4 шілде 2018 жыл №172-VI).
- Педагогтерді аттестаттаудың жаңа қағидалары (2018 жылғы 12 сәуірдегі № 152 ҚР БҒМ бұйрығы және 2018 жылғы 29 маусымдағы № 316 бұйрығы).
- Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы, ЖаңаҚазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 1 наурыздағы, № 205 Жарлығы.
- Бастауыш білім берудің жалпыға міндетті стандарты: құрылымы, мазмұны («Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 2015 жылғы 25 сәуірдегі, №327 Қаулысы, және 2017 жылғы 15 тамыздағы, № 484).
- Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде бастауыш сынып пәндері бойынша білім беру бағдарламасы, 2016 ж.
Олимпиаданың міндеттері: мұғалімдердің шығармашылық қызметтері мен кәсіби шеберліктерін дамыту, талантты педагогтерді анықтау және қолдау.
2. Олимпиада ұйымдастырушылары:
2.1 Ұйымдастыру және өткізу бойынша басшылықты Ұйымдастыру комитеті жүзеге асырады.
2.2 Ұйымдастыру комитетінің құрамына «Өрлеу» БАҰО АҚФ СҚО ПҚ БАИ оқытушылары.
2.3 Ұйымдастыру комитеті олимпиаданы өткізу туралы Ережені әзірлейді, ағымдағы жұмыстар мен жалпы басшылықты жүзеге асырады.
3. Олимпиадаға қатысушылар
Олимпиадаға мектептің түріне, оқыту тіліне қарамастан мамандандырылған білім беру ұйымдарының, жалпы білім беретін мектептердің, лицейлердің және гимназиялардың бастауыш сынып мұғалімдері қатыса алады. Олимпиадаға қатысушы олимпиадаға қатысу тілін таңдауға құқы бар (қазақша, орысша).
4. Олимпиаданы ұйымдастыру және өткізу тәртібі
Олимпиадаға қатысу келесі тәртіпке сәйкес қашықтықтан жүзеге асады:
- «Өрлеу» БАҰО АҚФ СҚО ПҚ БАИ сайтында (ipksko.kz, сайттың сол жақ бөлігінде) 16 қазан 2019 жыл бастауыш сынып мұғалімдер үшін «Зияткер» Республикалық қашықтық олимпиадасы» модулі шығады.
- Осы модульге басу арқылы келесі бетте қажетті ақпаратты толтырасыз олар: ТАЖ, жұмыс орны, лауазым, электрондық пошта, телефон нөмірі, сонымен қатар олимпиадаға қатысты сұрақтарға жауап бере аласыз. Тапсырманы орындап болғаннан кейін төменгі нысанындағы ЖІБЕРУ батырмасын (кнопка) басыңыз.
- Олимпиаданың басталуы: 16 қазан 2019 жыл, сағ: 14.00. Тапсырмаларды орындауға астрономиялық 2 сағат беріледі (120 минут).
- Сайтта архив дұрыс көрінбесе немесе техникалық ақаулар болған жағдайда мына телефон арқылы хабарласа аласыз тел. 8-7152-50-24-23.
5. Олимпиаданың қорытындысы
5.1 Олимпиаданың қорытындысы автоматты режимде анықталады.
5.2 Олимпиаданың қорытындысы бойынша 1 жеңімпазды (1 орын) және екінші, үшінші орын алған 10 жүлдегерді анықтайды.
6. Жеңімпаздарды марапаттау
Олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері барлық орындалған тапсырмалардың ұпай сандарының жиынтығымен анықталады.
Олимпиаданы ұйымдастыру комитеті олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін:
- І, II және III дәрежедегі диплом;
- Олимпиадаға қатысушылар сұрақтардың 70% дұрыс жауап берген жағдайда сертификаттармен марапатталады.
Олимпиаданың қорытындысы «Өрлеу» БАҰО АҚФ СҚО ПҚ БАИ сайтында орналасады www.ipksko.kz
«Зияткер» Республикалық қашықтық олимпиадасының жеңімпаздарының ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері «Бастауыш мектепте оқыту», Республикалық әдістемелік журнал, «Бастауыш сынып әдістемесі» Республикалық ғылыми-әдістемелік журнал, «Қазіргі мектеп», «Педагог және оқушы психологиясы», «Мұғалім KZ» Республикалық журналдары, «Педагогикалық ізденіс» Ақпараттық ғылыми-әдістемелік журналында, «Білім берудегі балалар – балаларға білім беру» Ақпараттық агенттігі ақпараттық қамтамасыз етеді.
Ақпарат көзі: www.ipksko.kz