SMART-балабақша

Жоба мектепке дейiнгi ұйымдар жұмысындағы барынша еңбектi қажет ететiн және маңызды үдерiстердi автоматтандыруға жағдай туғызады, сонымен қатар қызметкерлердiң жұмысының сапасын арттыруға және ашықтығына, ведомстволық меншiктi аумақта балалардың қауiпсiздiгiн арттыруға мүмкiндiк бередi.

«Алтын Бесiк» жүйесi инновациялық өнiм болып табылады, шетел жобаларының iшiнен ең үздiгiн ескередi және Қазақстан Республикасындағы мектепке дейiнгi бiлiм беру мекемелерi жұмысының ерекшелiгiне толық сәйкес келедi. «Алтын Бесiк» автоматтандырылған ақпараттық жүйесi мектепке дейiнгi ұйымдар қызметiнiң 3 саласын автоматтандырады: қауiпсiздiктi басқару, оқу үдерiсiн басқару, iшкi басқару үдерiстерiн автоматтандыру.

Жариялану күні: 20.05.2018