SMART-мектеп

Жоба Петропавл қаласы мектептерiндегi қауiпсiздiктi, қолайлылықты және үдерiстердi автоматтандыруды қамтамасыз етуге бағытталған.

Жобаның негiзгi компоненттерi — «бақылау мен қол жеткiзудi басқару жүйесi» әрi қарай — БҚЖБЖ), қала мектептерiндегi асханаларда электронды төлем мүмкiндiгiмен Е-асхана, Е-кiтапхана, бейнебақылау, конференция залы, LED-панелдер, ақпараттық дүңгiршектер, дыбыстық хабарлау жүйесi.

«Бақылау және қол жеткiзудi басқару жүйесi» модулi мектептегi қауiпсiздiк деңгейiн күшейтуге мүмкiндiк бередi. Мектептерде Smart-мектеп жүйесiмен бiрiктiрiлген туникеттер орнатылады. Ендi мектеп оқушылары турникетке картаны жақындату арқылы ғана өтедi. Сонымен қатар ата-аналар сайттағы жеке кабинеттерiнен және мобильдi қосымшалардан кiру-шығу уақытын қарай алады, оған қоса осы сервистердi қосып алған жағдайда push-хабарлама мен sms-хабарлама ала алады.

«Электронды кiтапхана» модулi кiтапхана қорында бар оқу және көркем әдебиеттер бойынша ақпаратты электронды түрде жүйелендiруге, сонымен қатар мектеп оқушыларына берiлген кiтаптардың есебiн жүргiзуге мүмкiндiк бередi.

Жариялану күні: 22.05.2018