Білім жаңалықтары :: Солтүстiк Қазақстан облысында өткiзiлген «Қамқорлық» қайырымдылық акциясының қорытындысы туралы ақпарат

Қазақстан Республикасының «Құқықтық актiлер туралы» 2016 жылғы 06 сәуiрдегi Заңының 55-бабы 2 тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң 2019 жылғы 9 қаңтардағы № 6-15-3/59-Ихатының негiзiнде, балаларды есепке алуды қамтамасыз ету және оқумен толық қамту мақсатында 2019 жылдың 10 қаңтарынан бастап 10 ақпанына дейiн «Қамқорлық» қайырымдылық акциясы өткiзiлдi.

Акция кезiнде мектеп жасындағы балаларды бiлiм ұйымдарында оқытумен қамту бойынша, әлеуметтiк-қорғалмаған санаттан шыққан балаларға әлеуметтiк қолдау көрсету бойынша iс-шаралар кешенi жүргiзiлдi.

Облыстағы барлық мектептерде «Қамқорлық» қайырымдылық акциясын өткiзу бойынша iс-шаралар жоспары әзiрлендi. Жалпы оқу мәселелерi педагогикалық кеңес отырыстарында және жалпы мектептiк жиналыстарда қарастырылды, аз қамтылған және көп балалы отбасынан шыққан балалардың, сондай-ақ үйде оқылатын мүгедек-балалардың тiзiмi нақтыланды.

Тәрбиелеу мақсатында «Балдырғанға кiтап сыйла», «Қайырымдылық- адамгершiлiктiң белгiсi», «Мен қамқоршымын», «Үлкенге — құрмет, кiшiге — iзет», «Мейiрiмдiлiк жаса», «Өзiңдi жақсы әдептерге үйрет», атты тақырыптарда мектеп iшiндегi акциялар, рейдтер, сыныптан тыс iс-шаралар, «Жақыныңды қорғай отыра», «Мейiрiмдiлiк әлемдi қорғайды» атты тақырыбына суреттер конкурсы, «Жақсылық iстеуге асығыңыз», «Әлемдi мейiрiмдi етейiк», «Өзiңнiң достарыңа көмектес», «Сүйiспеншiлiк құндылығы» атты тақырыптарда шығармалар конкурсы ұйымдастырылды.

Әлеуметтiк –қорғалмаған отбасыдан шыққан оқушылар үшiн оқуға қажеттi керек-жарақтар, киiм, аяқ-киiммен қамтамасыз ету бойынша қайырымдылық көмек көрсету ұйымдастырылды.

Аяқ киiммен, киiмдермен, оқуға керек-жарақтармен қамтамасыз ету бойынша әлеуметтiк-қорғалмаған отбасындағы оқушыларға арналған қайырымдылық көмек көрсету ұйымдастырылды.

Крещенской ОМ үшiн Шал ақын ауданында «Агросевер» ЖШС (директоры А. Лугова) тегiн тамақтануды ұйымдастыруға 52 мың теңге, «ТНС-2020» ЖШС (басшысы Т.Т. Әубәкiров) 60 мың теңге көлемiнде көмек көрсеттi, «Гермес-Агро» ЖШС (жетекшiсi Окунев С.В.) Мерген негiзгi мектебiнiң және Жалтыр негiзгi мектебiнiң сегiз отбасына 40 мың теңге көлемiнде көмек көрсеттi.

Iс-шаралар жоспарына сәйкес апта сайын ата-аналар қоғамы, IIБ қызметкерлерiмен бiрлесiп, оқумен қамтылмаған, күн тәртiбiн бұзатын балалар мен жасөспiрiмдердi анықтау бойыша рейдтер өткiзiлдi. Аз қамтылған отбасылардың пәтерлерiн, ойын-сауық орындарын аралады.

Аталған мерзiмде 7087 рейдтiк iс шара өткiзiлдi, оған 5625 адам қатысты (бiлiм ұйымдарының, IIБ,ҮЕҰ, ата-аналар қоғамдарының өкiлдерi).

Акция өткiзу кезеңiнде бiлiм бөлiмдерiнiң деректерi бойынша 10 және одан да артық күндер бойы белгiлi себептерсiз анықталған жоқ.

Ыстық тамақтану барлық жалпы бiлiм беретiн мектептерде (100%) ұйымдасқан. 68999 бала ыстық тамақтанумен қамтылған, ол бiлiм алушылардың жалпы санынан 99,8% құрайды. Тегiн ыстық тамақтанумен 11625 (17%) оқушы қамтылған, оның iшiнде 8933 (100%) аз қамтылған отбасыдан шыққан балалар.

1-4 сыныптардағы 31162 оқушылардың iшiнен тегiн ыстық тамақтанумен 5808 (19%) бала қамтылған, 1588 (5%) бiлiм алушы шаруашылық субъектiлердiң қаржылық көмегi есебiнен тамақтанады. Соның iшiнде 5-11 сыныптағы 37877 бiлiм алушылардың iшiнен тегiн ыстық тамақтанумен 5817 бала қамтылған. Мектеп асханаларының ас мәзiрiнде көп көлемде мектеп жанындағы — тәжiрибелiк учаскелерде өсiрiлген көкөнiстер пайдаланылады. Тамақтануды ұйымдастыру үшiн бақылауды медициналық қызметкерлер жүзеге асырады.

«Қамқорлық» акциясын өткiзу мерзiмiнде, аз қамтылған отбасыдан шыққан 5130 бала 18375,3 мың теңге сомасына материалдық көмек алды.

«Қамқорлық» республикалық акциясын өткiзу туралы

Ақпарат көзі: uob.sko.gov.kz

Жариялану күні: 12.02.2019