Оқы орындарының жаңалықтары :: Суды үнемде — болашақты сақта
Бүгін мектебімізде 10-11 сынып оқушыларымен «Суды үнемде — болашақты сақта» тақырыбында эко-сағат өтті. Іс-шара телемост форматында ұйымдастырылып, шеңберлі пікір алмасу алаңында экологиялық мәдениет пен суды тиімді пайдалану мәселелері талқыланды. Эко-сағаттың мақсаты – білім алушылардың табиғатқа жауапкершілікпен қарауын қалыптастыру, су ресурстарын қорғау маңыздылығын түсіндіру және экологиялық сана-сезімін арттыру. Іс-шара барысында оқушылар өз ойларымен бөлісіп, пайдалы ақпараттар алды


Жариялану күні: 13.02.2026



