
Өткен демалыс күндерi Петропавлда волейболдан ерекше турнир өттi. Жарыста жергiлiктi мектеп-гимназиялардың және Нұр-Сұлтан, Көкшетау мен Қостанай қалаларындағы инновациялық бiлiм беру лицей оқушыларының ата-аналарынан жасақталған командалар кездестi. Сонымен қай өңiр командасының бағы жанды?! Сюжеттi көрелiк.
Турнирге 6 құрама жиналған. Оның үшеуi жергiлiктi. Сайысқа қатысушылардың жас айырмашылықтары мен мамандықтары әртүрлi. Мысалы, Абзал Бөлекбаев дәрiгер. Ол жарыста «Бiлiм-инновация» лицейiнiң намысын қорғап, ойнамақ.
АБЗАЛ БӨЛЕКБАЕВ, ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУШЫ, ПЕТРОПАВЛ Қ.:
- Балам инновациялық лицейде оқығаннан кейiн 2006 жылдан бастап қатысамын. Көктемде Шымкент қаласында өтетiн жарысқа бұл дайындық есебiнде өткiзiлiп отыр. Мұның алғашқы мәселесi ата-ана, бала мектептiң арасындағы қарым-қатынасты, достықты ұлғататын жағдай. Бiз командалар өзара дос, туыс болып кеттiк.
Ал, Келден Мақашев болса елордалық құраманың өкiлi. Мамандығы сот-медициналық сарапшысы. Ұлы Нұр-Сұлтандағы бiлiм инновация лицейiнiң 11 сыныбында оқиды.
КЕЛДЕН МАҚАШЕВ, ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУШЫ, НҰР-СҰЛТАН Қ.:
- Бұл шараға бiз барлығымыз белсендi қатысуға тырысамыз. Бiздiң команданың iшiнде әртүрлi сыныптағы оқушалардың ата-аналары бар, және де мамандықтары әртүрлi. Бiз бәрiмiз бiр деңгейде, бiр жұдырықтай жұмылып қатысамыз. Петропавл қаласы «Бiлiм-инноваци» лицейiнiң ұжымына рахмет.
Жарыс қорытындысы бойынша бас жүлденi Әбу-Досмухамбетов атындағы дарынды балаларға мамандандырылған гиназия — интернатында» бiлiм алатын оқушылардың ата-аналары иелендi. Ал Петропавлдағы «Бiлiм — инновация» мен №25 қалалық мектептiң құрамалары екiншi және үшiншi орынды қанағат тұтты.
Нұрсұлтан ТIЛЕКТЕСОВ
Ақпарат көзi: petropavltv.kz



