Қазақстанда тұңғыш рет мектеп оқушыларына арналған республикалық «iTest: Ең үздiк нәтиже» сайысы басталды. Мектептiң 9, 10, 11-сынып оқушыларына бiрегей мүмкiндiк беретiн байқауды Bilim Media Group компаниясы ұйымдастырып отыр. Басты мақсат «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында оқушылардың бiлiм деңгейiн көтеруге септiгiн тигiзу, ҰБТ-ға пайдалы ресурс арқылы дайындалып, сәттi тапсыруға ынталандыру.
Аталған сайыста ҚР азаматы болып табылатын 9, 10, 11-сынып оқушылары және орта бiлiм беретiн арнайы мекемелерiнiң 1-курс студенттерi қатыса алады.
Қатысушылар үшiн басты сый үздiк жоғарғы университеттерiнiң бiрiнен оқу гранты (тек 11 сынып оқушыларына қатысты) болып отыр. Одан бөлек, бiздiң қолдаушыларымыз ұсынған қатысушыларға арналған түрлi бағалы сыйлықтар да ойнатылады.
Байқау онлайн форматта, www.itest.kz платформасында өтедi.
«iTest: Ең үздiк нәтиже» сайысы 2019 жылдың 1 ақпанынан осы жылдың 20 маусымына дейiн жалғасады. Жеңiмпаздар мен сайыс нәтижелерiн жариялау салтанаты 2019 жылдың 21 маусымында өтедi.
Толық мәлiметтi және жобаның ережелерi бойынша ақпаратты www.itest.kz сайтынан көре аласыздар.
Ақпарат көзi: edu.gov.kz