Білім жаңалықтары :: 20 жыл ішінде алғаш рет республикалық ғылыми жобалар байқауы онлайн режимде өтеді

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығы 13-16 наурыз аралығында Алматы қаласында «Бөбек» Ұлттық ғылыми-практикалық білім беру және сауықтыру орталығында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсын өткізеді. Биылғы жылы республикалық ғылыми жобалар конкурсына қатысушы балаларға «Бөбек» білім беру және сауықтыру орталығының инфрақұрылымы ұсынылды.

Биылғы жылы алғаш рет «Дарын» РҒПО ашықтығы мен айқындылығын қамтамасыз ету мақсатында онлайн-трансляцияны ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Бұл барлық секцияларда оқушылардың ғылыми жобаларын қорғауды бір мезгілде бейне трансляциялаудың алғашқы тәжірибесі. Онлайн-трансляция Қазақстан Республикасының ашық білім беру Ұлттық платформасында қолжетімді болады https://edu.mail.kz/services/online/. Пәндер бойынша секцияларды төмендегі сілтемелерден өтіп көруге болады:

1. Физика

2. Техника

3. Жер және ғарыш туралы ғылым

4. Математика

5. Қолданбалы математика

6. Информатика

7. Экономика

8. Биология

9. Химия

10. Қоршағанортаны жәнеадам денсаулығын қорғау

11. Тарих

12.  Адам және қоғам

13. Өлкетану

14. Литература

15. Әдебиет

16. Этномәдениеттану

17. Языкознание

18. Тіл білімі

13 ақпан (сағат 16:00-19:30)

14 ақпан (сағат 9:00-18:30)

Байқаудың ашылу салтанаты 13 ақпанда сағат 14.00-де Алматы қаласы Оқушылар сарайының үлкен мәжіліс залында өтеді.

Әр секцияда қазылар алқасы жеңімпаздарды ұсыныстар мен түсініктеме бере отырып марапаттайды.

Қосымша ақпарат: 87017110766, 8 (7172)29-52-32,29-50-76;8 (7272)62-78-62 телефондары арқылы алуға болады.

Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрлігі
Баспасөз қызметі.

Ақпарат көзі: uob.sko.gov.kz/

Жариялану күні: 13.02.2019