Оқы орындарының жаңалықтары :: «Ел ардақтысы» атты еске алу кеші
7 ақпан күні М.Ахметбековтың 85 жасқа толуына байланысты отырған «Ел ардақтысы» атты еске алу кеші өтті. М.Ахметбековты еске алу кешінің мақсаты оның өмірі мен еңбек жолын ұлықтау, оның қоғамға қосқан үлесін жас ұрпаққа таныту, сондай-ақ оның адамгершілік және кәсіби қасиеттерін үлгі ретінде көрсету болып табылады.
Кеш қонақтары: М.Ахметбековтың туған әпкесі Қайрия Ахметбековна, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, жерлес ақын, сатирик Шаниев Қойшыбай Жаныбевич.
Жариялану күні: 07.02.2025




