Оқы орындарының жаңалықтары :: Менің сыныбым — менің қамалым!
Мектебіміздің педагог-психологі 5-сынып оқушыларына орта буында оқуға бейімделуге арналған тренинг өткізді.
Оқушылар бірлескен тапсырмаларды орындап, бір-біріне қолдау көрсетуді, топпен жұмыс істеуді және сыныптастарына сенім білдіруді үйренді. Кездесудің мақсаты — сынып ұжымын нығайтып, әр оқушы өзін сенімді әрі жайлы сезінетін орта қалыптастыру. 

Жариялану күні: 04.11.2026



