«Серпін-2050» бағдарламасы
«Мәңгілік ел жастары — индустрияға» — «Серпін» Бағдарламасы

«Мәңгiлiк ел жастары индустрияға!» — «Серпiн» бағдарламасы елiмiздiң еңбек күшi көп шоғырланған аймақтарынан (Түркiстан, Жамбыл, Қызылорда облысы) келген жастарды жұмысқа орналастыру мақсатында 2014 жылынан бастап жүзеге асырылады.

Қазiргi таңда «Мәңгiлiк ел жастары — индустрияға!» — «Серпiн» бағдарламасы бойынша 3 колледж базасында 172 студент бiлiм алады.

2018-2019 оқу жылына мемлекеттiк тапсырыс бойынша М. Жұмабаев атындағы гуманитарлық колледжiне 50 адам қабылданды.

2018 жылы «Серпiн» бағдарламасы аясында 9 мамандық бойынша 5 колледжден 191 адам оқуын тәмамдады, оның iшiнде: жұмыс орындарымен қамтылған — 91 адам (СҚО — 34 адам), жоғары оқу орындарында оқуын жалғастыруда — 16 адам (оның iшiнде М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-да — 5 адам), ҚР ҚК әскери борышын өтуде — 16 адам, бала күтуiне байланысты демалыста — 7 адам, жұмысқа орналаспаған — 61 адам.

Ағымдағы жылы Солтүстiк Қазақстан аймағында қалған түлектер санының артуы байқалады (2017 жылы — 9 адам, 2018 жылы — 34 адам).

Оңтүстiк өңiрлерiнен келген бiтiрушiлердi Солтүстiк Қазақстан облысының кәсiпорындарына орналастыру мақсатында өндiрiстiк тәжiрибелерден өту орындары және жұмыспен қамтамасыз ету үшiн әлеуметтiк серiктестермен 127 келiсiмшарт жасалды.

Бағдарламаның барлық қатысушылары жатақхана орындарымен қамтамасыз етiлген. Колледждерде бiлiм алатын студенттер келесi төлемақыларға ие: шәкiртақы 16 759 теңге, үздiк оқитын студенттерге — 19 273 теңге; жол жүру өтемақысы 4 АЕК; бiрiншi оқу жылы киiм-кешекке арналған қаражат — 35 АЕК.

Серпiн бағдарламасының бiтiрушiлерiн еңбек мобильдiлiгi аясында ерiктi көшiп-қону қатысушылар қатарына енгiзiлуi өңiрiмiзде қалған жас мамандардың тұрғын үй мәселесiн шешуге мүмкiндiк бердi.

Бiздiң аймақта қалған және ерiктi түрде қоныс аударуға қатысатын «Мәнгiлiк ел жастары — индустрияға» бағдарламасының түлектерiне мемлекеттiк қолдау көрсету шаралары: қоныс аударуға арналған субсидиялар — 35 АЕК; қалада тұрғын үй жалдау — 20 АЕК, ауылдық жержетұрғын үй жалдау — 15 АЕК.

Колледждер бойынша мәлiмет

№ р/н Колледж атауы Мамандық, біліктілік атауы Студенттер саны
1 «М. Жұмабаев атындағы Петропавл гуманитарлық колледжі» КМҚК Әлеуметтік жұмыс
Әлеуметтік жұмыс бойынша маман
24
    Мектепалды тәрбие және білім
Ағылшынша білімі бар мектепалды ұйымдарының тәрбиешісі
25
    Бастауыш білім беру
Ағылшынша білімі бар бастауыш білім беру мұғалімі
25
    жалпы 74
2 «Петропавл құрылыс-экономикалық колледжі» КМҚК Ғимараттар мен үймәреттерді салу және пайдалану
Техник-құрылысшы
20
    Есеп және аудит 22
    Тамақтандыру кәсіпорындары өнімдерінің технологиясы және өндірісті ұйымдастыру
Техник-технолог
15
    жалпы 57
3 «Ж. Қизатов атындағы Есіл ауыл шаруашылық колледжі» КМҚК

Ветеринария

Ветеринарлық фельдшер

20
    Агрономия
Өсімдіктерді қорғау блойынша агроном
12
    Ауыл шаруашылығын механикаландыру
Техник-механик
9
    жалпы 41
    БАРЛЫҒЫ 172

Ақпарат көзі: uob.sko.gov.kz