
Қазiргi педагогтың кәсiби шеберлiгiнiң маңызды құрамдас бөлiгi дарынды балалармен жұмыс жасауда нәтижелi тәсiлдердi iздеу, талдау және әзiрлеу және оларға олардың сұраныстары мен қабiлеттерiне толық көлемде жауап беретiн мақсатты қызмет түрлерiн ұсына бiлу болып табылады.
2020 жылдың 26 ақпан күнi «Өрлеу» БАҰО «АҚ филиалы СҚО бойынша ПҚ БАИ» курстан кейiнгi қолдау және инновацияларды енгiзу зертханаларының меңгерушiлерi Жунусова А.З. және Булатова Б.С. «Инновациялық бiлiм беру моделi бiлiм алушылардың дарындылығын дамыту құралы ретiнде» атты облыстық ғылыми-практикалық семинарға қатысты.
Семинардың мақсаты: қарқынды дамып келе жатқан ортада бәсекеге қабiлеттi тұлғаны қалыптастыруға жағдай жасау бойынша мектеп тәжiрибесiн тарату.
Семинар жұмысы физика, математика, информатика, бастауыш сынып, тарих, тiл пәндерi мұғалiмдерi, биология, география, химия мұғалiмдерi және ағылшын тiлiнде сабақ беретiн мұғалiмдер үшiн төрт секция бойынша өткiзiлдi.
Әр секция бойынша мектеп педагогтары панорамалық сабақтар, мастер-класстар, сыныптан тыс iс-шаралар, сондай-ақ оқушылардың жобалық жұмыстарын ұсынды.
Бастауыш сынып оқушыларының ауыз суды үнемдi пайдалану, қағаз қалдықтарын пайдалану, жанартаудың атқылау механизмiн зерттеу, ұлттық шахматтың логикалық ойлаудың дамуына әсерi бойынша зерттеу жұмыстары үлкен қызығушылық тудырды.
Орта және жоғары буын педагогтары CLIL әдiстемесi бойынша оқыту жүйесiн және оқушылардың жобалық қызметiн ұйымдастыру бойынша тәжiрибелiк-бағытталған тәсiлдердi көрсеттi. Осындай оқытудың негiзi оқушылардың ғылыми және шығармашылық қызметi болып табылады.
Дарынды балаларды дамытудың икемдi, дараландырылған бағдарламаларын жүзеге асыру, олар үшiн коллаборативтiк орта құру, оқытудың интерактивтi стратегияларын iске асыру, баланың жеке тұлғасына құрмет көрсету талантты ұрпақты өсiру үшiн құнды негiздi қалыптастыруға ықпал ететiн болады.

Ақпарат көзi: www.ipksko.kz



